«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»



Pdf көрінісі
бет45/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52
Байланысты:
tehnol pmm umkd 2022-23 kaz platonus

 
Бақылау сұрақтары:
1. Технологиялық қондырғыларды санитариялық өңдеу тәртібі 
2. Технологиялық қондырғыларда пайда болатын ластану түрлері 
 
№9-10 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Ет-сүт өңдеу орындарындағы дезинфекция. 
 
Сабақтың мақсаты: Ет-сүт өңдеу орындарында жүргізілетін дезинфекцияның 
ерекшеліктерімен танысу. 
Жұмыс орындар мен құрал-жабдықтарды санитарлық өңдеу.Күнделікті жұмыс 
уақытының аяқталуымен, субөнімді өңдеу цехындағы құрал-жабдықтар, мүліктер мен 
ыдыстарды 2% калциленген сода (60-70С) ерітіндісімен, 4%-і демп және 2%-і натрийдің 
метасиликат ерітіндісімен жуады. Жуғыш заттар қалдығын алдымен ыстық, артынан суық 
сумен шаяды. Майлы бояумен сырланған қабырғалар мен құрал-жабдықтар бетін, 1%-і 
сабынның ыстық ерітіндісімен жуады. Аспалы ожаулар мен едендік арбаларды әр 
қолданғаннан кейін жылы сумен, ал қатты ластанса сілті ерітіндісіне малынған щеткамен 
тазалайды. Көлденең барабандарды, үстелдер мен ағаш тақтайларды жұмыс кезегі 
аяқталысымен жылы сумен жуылып, ыстық жуғыш заттармен майсыздандырылып, ыстық 
сумен шайылады. 
Ет және еттің тағамдық өнімдерімен жанаспаған, майлы бояумен сырланбаған 
құрал-жабдықтар мен мүліктерді (алюминийден дайындалған құралдан бөлек) және 
әйнектелген плиткалар мен қабырғаларды тазалағаннан кейін, оларды 2% күйдіргіш 
натрий (60-70С) ертіндісімен, 4% демптің жылы (65-70С) ертіндісімен, 3%каспостың 
ыстық ерітндісімен, 0,1% натрий дихлоризациянурат ертіндісімен, 0,8-1,5% хлорамин, 
құрамында 1-2% белсенді хлоры бар хлорлы әктің ақшыл (65-70С) ерітіндісімен немесе 
құрамында 0,03-0,07% белсенді хлоры бар трихилоризоцианурлы қышқыл ерітіндісімен 
дезинфекциялайды.
Хлоры белсенді препараттармен өңделген объектілерді 30 минуттан кейін суық 
сумен жуады. Ал сілтілер қолданғанда, 45 минуттан кейін ыстық сумен жуады. Егерде 
жууды жұмыс соңында жасаса, онда келесі күні, жұмыс барысында технологиялық 
құралдарды екінші рет сумен жуады.


Ыдыстар мен кішігірім мүліктерді (жәшіктер, тақтайлар, жаймалар, пышақтарды, 
қайрақты) ыстық 2% кальциленген сода ерітіндісімен немесе 2% депты ерітіндісімен 
жуып, шайғаннан кейін оларды температурасы 100С болатын стерилизатордың қаныққан 
буында 60 минут бойы немесе қысымы 0,05МПА (температура 111С) болатын автоклавта 
30 минут бойы ұстап, зарарсыздандырады. 
Субөнімдерді тасымалдайтын құбырларды ыстық кальциленген сода ертіндісімен 
жуады немесе бір мезгілде 4% ыстық демп ертіндісімен жуып зарарсыздандырады. Бұл 
ерітінділерді тозаңдатқышы бар форсунка щеткалы құралымен немесе ортадан тепкіш 
форсункалар арқылы шашады. 1 сағаттан кейін құбырдағы сілтіні толық кетіргенше 
ыстық сумен шаяды. Бұл үшін түтігі бар форсунканы құбырдың ішіне 3 реттен кем емес 
болатындай түсіреді. Санитарлық-гигиеналық шаралар кешеніне санитарлық өңдеуден 
басқа өндіріс орындарының дезинфекциясы және дератизациясы жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет