«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»


№ 11-12 Тәжірибелік сабақ



Pdf көрінісі
бет46/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52
Байланысты:
tehnol pmm umkd 2022-23 kaz platonus

 
№ 11-12 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Ет-сүт өңдеу орындарындағы дезинсекция.
 
Сабақтың мақсаты: Инсектицидті ерітінділер мен шыбындарға арналған улы 
алдамыштарды дайындауды үйрену. 
Қолданылатын 
құралдар 
мен 
материалдар: 
хлорофос
гидропульт, 
респираторлар, Петри аяқшалары, таразы, колбалар, сабын, резеңке қолғап. 
Сабақтың мазмұны және орындалу тәртібі: 
Шыбындармен күресу шараларын инфекциялық ауруларды алдын алуға бағытталған 
кешенді жоспар бойынша жүргізіледі. Шыбындардың ішке енуін алдын алу үшін 
терезелер мен вентиляциялық қуыстарды тесігінің көлемі 2×1,2 металл торлармен жабады. 
Қанатталған шыбындарды жою үшін бөлмелерде өндірісте шығарылатын жабысқақ 
қағаздың беттерін қолданады немесе оларды Муксид, Фумитокс, Клеецид, т.б. 
желімдерден шаруашылықта дайындайды. 
Қанатталған шыбындармен күресудің механикалық әдістеріне қағаздан басқа, 
шыбынұстағыштар мен шыбынөлтіргіштер қолданылады. 
Шыбындарды жою үшін сонымен қатар алдамыштарды пайдалануға болады.
Алдамыштарды дайындау үшін 0,05%белсенді әсер етуші заты бар хлорофостың 
жұмысшы ерітіндісіне 2% қант қосып, 20мл Петри аяқшаларына құйып шығады. Бөлменің 
ішінде аяқшаларды 1 ыдысты 10-20 м
2
еден ауданына есептеп қояды. 
Алдамыштарды дайындап, бөлменің ішіне қойған кезде, сонымен қатар 
инсектицидтерді шашқан кезінде міндетті түрде респираторды киіп, терезелерді ашып, 
механикалық ауа алмасуды қосу керек. Дезинсекцияны аяқтағаннан кейін қолды жылы 
сумен жуу қажет. 
Хлорофос мөлшерін есептеуді (Х) келесі формула бойынша жүргізеді: 
Х= А×В/С 
Мұндағы: 
А- дайындалатын ерітінді мөлшері, мл; 
В- жұмысшы ерітіндінің концентрациясы,%; 
С- хлорофостағы белсенді әсер ететін заттың мөлшері,% 
 
№ 13-14 Тәжірибелік сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет