Тогы бар өткізгіштердің әрекеттесуі


Магнит өрісінің энергиясы



бет5/6
Дата22.12.2023
өлшемі282,58 Kb.
#142606
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
дәріс 4

Магнит өрісінің энергиясы



Кедергі мен индуктивтігі бар тізбекті қосқан кезде, ток бірден өзінің тұрақталған мәні
I=U/R


жетпейді, себебі индукцияланған өздік индукция ЭҚК-і


еl = —L • Δi/Δt (2.35 )


токтың өзгеруіне қарама-қарсы әсер етіп, оның өсуін кідіртеді (21-сурет). Ток біртіндеп өскен кезде қоршаған ортада ток көзі шығындаған энергияның бір белегі жинақталады.
Тізбектегі ток өзінің тұрақталған мәніне I=U/R жеткен кезде, оның өсуі токталады және өздік индукция ЭҚК-і жоғалады. Соны­мен, тізбек қосылғанда электр энергиясы көзінің кернеуі R кедергіні жеңуге шығындалып қоймай, өздік индукцияның ЭҚК-ін жеңуге де шығындалады, яғни


U = iR+ (-eL) = {IR + L Δi/Δt ) (2.36)
Осы кернеу теңдеуін іΔt-ға көбейтіп, тізбектің энергетикалық теңдеуін аламыз.
UiΔt = i2RΔt + LiΔt (2.37)


Осы теңдеудің сол жақтағы бөлігі электр көзінің тізбекке Δt уақыт ішінде берген энергиясын өрнектейді. Теңдеудің оң жағындағы бірінші мүше сол уақыт ішінде R кедергіні қыздыруға кеткен энергияны анықтап тұр. Теңдеудің оң жағындағы екінші мүше Δt уақыт ішінде ток Δі-ге үлкейгенде магниттік ағында қорланатын энергияны аныктап тұр, яғни


ΔWu = LiΔi = ψΔi (2.38)



21 Сурет – Индукциялық тізбекке токтың қосу графигі


Егер магнит өрісінде ферромагниттік материалдар болмаса, онда магниттік ағын Ф, демек, ағын тұтасуы ψ-да ток I-ге тікелей пропорционал. Ағын тұтасуының токқа тікелей тәуелділігі, графикалық түрде 22-суретте, координат басы арқылы өтетін және ток осімен ψ мен I үшін таңдап алынған масштабка тәуелді, а бұрышын жасайтын тіке сызықпен бейнеленген. Графикте магнит өрісінің энергиясы ψΔі штрихталған ауданмен өрнектеледі. Магнит өрісі, тұрақталған ток I=U/R мәніне лайықты Ф = wI/Rм мәніне жеткен кезде, өздік индукция ЭҚК-і жойылады және магнит өрісіндегі эиергияның қорлануы токталады. Магнит өрісінде қорланған энергия Wu тізбектегі ток 0-ден тұрақталған мәні I-ге дейін өскен кезде, графикте барлық ψΔі аудандардың қосындысымен айкын далады, яғни катеттері ψ және I тікбұрышты үшбұрыштың ауданымен айқындалады, яғни


WM =ψI/2 = LI2/2 (2.39)


Кейбір есептеулер үшін, магнит өрісінің үлесті энергиясы деп аталатын, магнит өрісінің көлем бірлігіндегі қоры керек болады. Алғы формулада
ψ = wФ= wBS
және
wI=lН


ауыстырып, теңдіктерін аламыз,


Wм/lS=WM/V=BH/2


мұндағы V = lS — бірқалыпты магнит өрісі алып тұрған көлем.



22 Сурет – Магнит өрісінде энергия жиналуының
графикалық өрнектелуі



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет