Мінездеме Орынбасар Мәди 08.12.2006ж жылы толық, тәрбиелі жанұяда дүниеге келген. Осы аталған мектепте бірінші сыныптан бері оқиды. Мәди көп балалы отбасынан. 2021 жылы осы мектептің 9 сыныбын жақсы білім көрсеткішімен аяқтап бітірді.
Мәдидің білім алып, тәрбиелеуіне ата-анасы тарапынан толық жағдай жасалды. Ата-аналары әр уақытта мектеппен, сынып жетекшімен тығыз байланыста болады. Мәдидің тәртібі, үлгерімі туралы хабарласып, ата-ана жиналысына қатысып отырды. Көпшіл, ашық мінезді, ақкөңіл, салмақты, жауапкершілігі жоғары ұл. Берген тапсырманы үлкен жауапкершілікпен орындайды. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады, сабақтан себепсіз қалмайды, сабақтан кешікпейді.
Мәдидің сүйіп оқитын пәні тарих. Сонымен қатар, Мәди мектептің сыныптан тыс жұмыстарына барлық қоғамдық іс шараларына белсене қатысады. Сыныптастары арасында беделі жоғары, сыйлы.
Болашақта Мәди өз мамандығының нағыз иесі боларына сенім артамыз және сенімдіміз.
Мектеп директоры И.Т.Сейтбекова