Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы



бет5/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
токсик (копия)

. 8. Жануарларға удың әсері
Улы заттар және олардың тірі жан-жануарларға әсері туралы адамдар өте ерте замандардан-ақ білетін еді. Улы заттар ол заманда әдетте аңға шыққанда жабайы жануарларды өлтіру үшін немесе соғыс жағдайларында адамдарды қырып-жою мақсатттарында қолданылатын. Бірақ ол кездегі белгілі улардың саны өте аз және олардың барлығы да табиғи улар қатарына жататын (жылан уы, у қорғасын, т. б.). Ғылымның бұл саласы нақ қай мезгілден бастау алатыны әлі белгісіз, сонда да болса бұл ғылым мен адамзат тарихы бірге жасасып келе жатқаны даусыз. Фармация (дәрілер жасау) ғылымының алғашқы негіздері ежелгі Үндістан мен Мысырда табылған болса, токсикология да сол жерлерде бастау-қайнар бұлақ алған деп тұжырымдауға болады.
Ветеринариялық токсикология және токсикологиялық талдау уытты заттардың ауылшаруашылық малдары мен жабайы жануарларға, сондай-ақ құстарға, балықтарға және пайдалы жәндіктерге әсерін зерттейді. Жануарлар түрінің уға сезімталдық дәрежесі бірдей болмайды. У түрлі мал ағзасына әртүрлі әсер етеді. Мысалы: ірі қара мал ағзасы ұсақ мал ағзасына қарағанда қорғасын қосылыстарына бейім келеді. Ал жылқылар ірі қара малға қарағанда оймақгүл гликозидтеріне өте сезімтал келеді. Иттер мен шошқалар үшін ас тұзы өте қауіпті болса, ал мысықтарға фенол туындыларының препараттары жағымсыз және т.б.
Барлық шөп қоректі жануарлардың улы өсімдіктерге деген сезімталдығы бірдей емес екендігі ежелден белгілі. Мысалы, ешкілер темекіге сезімтал, бір бөлімді қарынды малдар үшін у сасыр өте қауіпті. Оларды малдар жеген соң, малда «В» витаминінің жетіспеушілігі (авитаминоз) басталады, ал көп бөлімді қарынды малдарда байқалмайды. Себебі, олардың мес қарынында «В» витаминінің синтезіне у сасыр улы әсер көрсете алмайды.
. 9. Удың организмге келіп түсу жолдары
Улы заттардың ағзаға ену жолдары, сіңу жылдамдығы токсикологияда аса маңызды болып саналады. Ветеринариялық токсикология және токсикологиялық талдауда ағзаға удың ауыз арқылы ену жолы негізгі маңызға ие. Қарында улы заттар азықпен, қарын сөлімен, ондағы микрофлоралармен араласады. Мұның бәрі қарынға түскен улы заттардың физикалық - химиялық құрылымына және уытттылығына әсер етеді. Мысалы, құрамында алколойдтары бар өсімдіктер қарынға түскенде азық есебінен уыттылығын жоғалтады, ал каломель қарында уытты әсер ете алмайды, бірақ кейбір жағдайларда сулемаға айналып кетуі мүмкін. Өз кезегінде, ол өте уытты. Құсқан кезде қарыннан улы заттар шықпаса, онда кілегей қабықтардың сору қабілеті нашарлап, у ащы ішекке, одан ары қанға, қан арқылы бауырға өтеді. Тоқ ішекте ащы ішекке қарағанда удың сорылуы аз деңгейде болады.
Тыныс алу (ингаляциялық) жолмен ағзаға газ тәрізді улы заттар (көміртегі тотығы , күкіртті сутегі, аммиак) т.б. аэрозольдар, шаң-тозаң түсуі мүмкін. Бұл жолмен ағзаға түскен у өкепе арқылы сорылып, онда күшті тітіркенген өкпе ұлпалары қабынуға ұшырайды (хлор, фосген) немесе өкпе арқылы қанға сіңіп, ағзаға резорбтивті әсер етеді.
Улы заттар әртүрлі ағзалардың кілегей қабықтары арқылы да сорыла алады. Сонымен қатар, көз конъюктивасы, жыныс мүшелерінің кілегей қабықтары, қуық арқылы да енеді. Бірақ, бұлардың мал дәрігерлік токсикология тәжірибесінде маңызы шамалы. Кейбір улы заттар тері арқылы да енуі мүмкін.
10.Улардың организмнен бөлініп шығу жолдары
Ағзадан удың бөлінуі Улы заттар ағзадан әртүрлі жолмен бөлініп шығады. Алиментарлы жолмен түскен улар ағзадан құсу актісі арқылы шығуы мүмкін, ал удың сорылып болғаннан кейінгі негізгі шығу жолы бүйрек пен несеп шығару жолдары болып табылады. Көбінесе улардың ағзадан бөлінуіне ас қорыту жолы (қи, нәжіс), тыныс алу мүшелері және бездер (сүт, сілекей, тері) белсенді әсер етеді. Улы заттар ағзадан құсу арқылы шыққанда, олар өзгермеген күйде шығады. Сондықтан, құсықты зертеудің улануды балаудағы маңызы өте құнды болып есептеледі. Бұл соттық ветеринария жағынан да аса маңызды. Несеп сынамаларын зерттеген кезде көп жағдайда удың өзі емес қалдықтары табылады. Бұл атропин, стрихнин секілді заттармен уланғанда болуы мүмкін. Несеп бөлу мүшелері арқылы суда еритін және ағзаға қан арқылы таралатын заттар шығарылады. Несептің құрамында алколойдтар, нитраттар, эфир майлары, метал қосылыстары болады. Жіті және созылмалы улануларда несепті зерттеудің улануды балауда маңызы зор. Құсу актісі тән емес барлық малдарда улы заттар нәжіспен шығарылады. Бұл негізінен ірі қара малы мен жылқыларға қатысты. Дегенмен, құсу актісі тән болса да, улы заттың бір бөлігі нәжіс арқылы шығарылады. Бұл көбінесе, удың ішекте 24 нашар ыдырап, қанның құрамына енбеген жағдайда болады. Осындай жолмен ағзадан алколойдтар, металл қосындылары, кейбір улы заттар өзгермеген қалпында бөлініп шығады. Мал дәрігерлік токсикологияда улы заттардың деммен (тыныс алу) бөлінуінің маңызы да айтарлықтай. Мысалы: шыққан ауадан сарымсақтың иісі шықса, онда ол мышьяк қосылыстарымен уланғандығын көрсетеді. Сонымен қатар, кейбір уытты заттар едәуір мөлшерде сүтпен бөлінеді. Әсіресе, сүттің құрамындағы хлорорганикалық қосылыстардың (ДДҮ, гексахлоран т.б.) болуы, жас төлдер мен адамдарға қауіп төндіреді. Тірі кезіндегі созылмалы улануды анықтау үшін, экскретті зерттеу құнды болып табылады (зәр, нәжіс, құсық массасы)
11.Улы өсімдіктердің жіктелуі
Улы өсімдіктер токсикологиясы – адам мен және жануар организміне әсер ететін улар жайлы ғылымның бір саласы. Ол улы өсімдіктердің таралу аясы, морфологиялық құрылысы, уландыру себептері және организм уланғаннан кейінгі клиникалық белгілері, патологиялық-анатомиялық өзгерістері, балау, алдын алу әдістері жайлы түсінік береді. Өсімдіктер токсикологиясы, басқа ғылымдар секілді ауыл шаруашылығы саласымен тығыз байланысты, яғни ауылшаруашылық малдарының денсаулығы мен тіршілігін қорғай отырып, олардың өсімдіктерден улануын болатын шығынды болдырмау, алынатын өнім сапасын, көлемін жақсартудан алатын орны ерекше. Осы орайда, улы өсімдіктер токсикологиясысының фармакология, физиология, патофизиология, мал азықтандыру, патанатомия және ветсансараптау секілді пәндермен тығыз байланысты екенін айта кеткен жөн. Улы өсімдік дегеніміз – аз мөлшерінің өзі адам мен мал организмдерінде патологиялық өзгерістер тудыратын өсімдіктер. Өсімдіктің бәрі уытты әсер көрсетпейді, тек олардың уытты әсер ету мезгілін, уақытын, уытты бөлігін, құрамын және түрін ажырата білу керек. Улы өсімдіктрдің уыттылығы оның уытты бастамасына, құрамындағы уытты химиялық қосылыстарға байланысты. Химиялық қосылыстарға алколоидтарды, глюкозидтерді, эфир майларын (терпендер, камфора), органикалық қышқылдарды, госсипол, гиперизин секілді заттарды жатқызуға болады. Улы өсімдіктер құрамында уытты зат мөлшері - удың түзілуі және жинақталуына, ауа райына, топырақ құрамына және жергілікті жердің аймақтық –экологиялық жағдайына байланысты. Сондықтан, химиялық қосылыстардың өсімдіктің қандай бөлігінде қай мезгілде көп жинақталып, уытты әсер ету заңдылықтарын білу әрбір ветеринария саласы мамандарының алғашқы орындағы міндеті. Улы өсімдіктердің таралу аясы өте кең, түрлері алуан түрлі. Олардың химиялық құрамы көптеген ғалымдардың еңбектері нәтижесінде айтарлықтай зерттеліп, бөлетін улары, уытты бастамалары анықталған. Дегенмен, әлі де құрамы толық тексерілмеген өсімдіктер баршылық. Барлық өсімдік улы әсер етпейді. Арасында емдік мақсатта қолданылатын өсімдіктер де жетерлік. Бірақ, ғұлама ғалым Парацельс айтқандай, егер белгіленген ереже, мөлшермен қолданылмаса дәрілік заттың бәрі у. Улы өсімдіктерді мал жемейді. Олардың көпшілігінің өзіне тән жағымсыз иісі, дәмі болады. Жайылымдарға және астаудағы азық 131 қалдықтарына ботаникалық тексеру жүргізген кезде, мұндай азықтардың желінбей, сол қалпында қалғанын көруге болады. Егер улы өсімдіктер басқа азықтармен толық араласып кеткенде (сүрлем, күнжара) немесе қатты ашыққанда, мал азықты талғамсыз жейді. Нәтижесінде организм улануы мүмкін. Өсімдік тектес улардың жалпы қабылданған, арнайы жіктелуі жоқ.Тек, клиникалық белгілеріне қарай жіктелуі ғалым И.А. Гусынинның еңбектерінде кездеседі. Бұл жіктелім, өсімдік құрамында кездесетін улы заттарға байланысты төмендегідей жіктеледі: 1.Құрамында альколоидтар бар өсімдіктерден улану: у қорғасын (аконит), ақ тамыр (чемерица), меңдуана (белена), сасық меңдуана (дурман), үйбидайық (плевел), у балдырған (болиголов), тегеурінгүл (живокость), итсигек (ежовник) және т.б. 2.Құрамында гликозидтер және сапонин бар өсімдіктерден улану: қыша (горчица), қарамықша (куколь), беде (клевер), зығыр (лен), жалынгүл (горицвет), оймақгүл (наперстянка) және т.б. 3.Құрамында эфир майлары бар өсімдіктерден улану: у сарғалдақ (лютик), жусан (полынь), шайқурай (зверобой), кенедән (клещевина) және т.б. 4. Құрамы әлі толық зерттелмеген өсімдіктерден улану: у кекіре (горчак), сүттіген (молочай), қырықбуын (квощ) және т.б. 5. Мәдени және азықтық заттардан улану: картоп ( картофель), қарақұмық (гречиха), жүгері (кукуруза), тары (просо), қызылша (свекла) және т.б. 6.Техникалық азық қалдықтарынан улану: күнжара және шроттар
12.Фтордың токсикологиясы
Фтор - табиғатта кең таралған. Ол көптеген минералды заттардың құрамына кіреді: флюорит СаҒ2, апатит-Са10, (Ғ,СІ)2 (РО4)6, криалит-Na3AtF6 және т.б. фтор су көздерінде де болады, өсімдік және жануарлар ағзасының құрамдас бөлігі. Фтор алмасуының бұзылуынан, жануарлар арасында флюороз ауруы пайда болғаны анықталған. Бұл ауру ішетін судың құрамында фтордың қалыпты мөлшерден көп болуының салдарынан болады. Кейіннен, басқа елдерде бұл аурудың ауыл шаруашылық малдарында да жиі кездесетіні белгілі болды. Фтор адам мен жануарлар ағзасына қажетті микроэлементтердің бірі болғандықтан, оның жеткіліксіз түсуі кері әсерін тигізеді. Ветеринарлық токсикологияда, фтор қосылыстарының кейбір түрлеріне ғана жеке тоқталады. Осындай фторлы қосылыстардың бірі фторлы натрий, бұл қосылыс ауыл шаруашылығында әртүрлі мақсатта өте кең қолданылады. Фторлы натрий (натрий фториді) және кремний фторидін шегірткелерге қарсы және өсімдіктердің зиянкестеріне қарсы дәрілеу үшін қолданады
Фторлы натрий - лайлы, ақ түсті,иіссіз,кристалды ұнтақ,көп сақтағанда әртүрлі көлемді кесектерге айналады. Фторлы натрий кеміргіш жәндіктердің жұлдыз құрт сатысын жою үшін және сүректерді консервілеу үшін ерітінді түрінде қолданылады. Фторлы натрийдің уытты мөлшері ірі қара малына және жылқыға 10 гнан жоғары. Бірақ 50г-нан асқан жағдайда мал өлімге ұшырайтынын зерттеушілер анықтаған. Фторлы кремнийлі натрий (Na2SіF6) - ұсақ, ақ немесе сәл сарғыш түсті, иіссіз, ауыр ұнтақ. Суда нашар ериді (1%-ке), сондықтан өсімдік зиянкестеріне қарсы тозаңдандыру, қоймалардағы кеміргіштерді жою үшін қолданады. Бұдан басқа фтордың қосылыстары ауыл щаруашылық малдарына антигельминтті зат ретінде де қолданады. Уралит - күрделі құрамды, құрамында 77% фторлы натрий, 15% динитрофенол және 8% мифузорлы топырағы бар препарат. Паста және ерітінді түрінде қолданылады, сары түсті, сүйектерді консервілеу және оның шірімеуін алдын-алу үшін қолданылады.
Фтор және оның қосылыстарынан улану жануарларда жіті және созылмалы түрде өтеді. Созылмалы түрде өтуін көбінесе флюороз деп те атайды. Жіті улану – фторлы және кремнийдің фторлы натрийін жануарларға гельминтоз кезінде антигельментик ретінде қолданғанда және азықтық жеммен бірге ағзаға түсуінен, жануарлардың фтор және оның қосылыстарын қолданатын кәсіпорындардың жанында ұзақ ұсталуынан немесе жайылуынан болады. Балау. Фтор қосылыстарымен улануды балау едәуір қиын. Алдымен, шаруашылықта құрамында құрамында фтор бар қосылыстар мен минералды зат бар-жоғын анықтап аламыз. Клиникалық белгілердің балауда алатын орны шамалы. Емі. Фтор ағзада кальциймен қосылып, нәтижесінде кальций мөлшері азайып, ұлпалардың декальцинациясы туындайды. Осыған байланысты жіті улану кезінде кальций препараттарын, 10% - ды хлорлы кальцийді венаға егеді және асқазанды жылы сумен жуып-шаяды. Бұдан басқа созылмалы улану кезінде (флюороз) ірі қара малының рационына алюминий препараттарының (сульфат және хлорид) 0,5%-ға дейінгі мөлшерін қосуға болады.
13.Орталық жүйке жүйесін қоздырып әсер ететін өсімдіктердың токсикологиясы
Орталық жүйке жүйесін қоздыратын өсімдіктер: меңдуана, итжидек, сасық меңдуана, у тамыр, қылша, сүйелшөп, жусан және тағы басқалар
. 2. Орталық жүйке жүйесін әлсірететін өсімдіктер: көкнәр, қыздырма үйбйдайық, у балдырған, у қорғасын, ақтамыр, итсигек және тағы басқалар.
3. Орталық жүйке жүйесіне және басқа да мүшелерге әсер ететін өсімдіктер: лапыз, адыраспан, қазанақ, түймешетен, құсықшөп, есекмия, сарғалдақ түрлері, желайдар, қалтагүл, құндызшөп, жібілген және тағы басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет