Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ата-бабаларға тағзым!»
Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы жеңісті дәріптеу, оқушылардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабамыздың ерлік ісін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке, адал да батыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты. Көрнекілігі: интербелсенді тақта, кітап көрмесі Өткізілген уақыты:05.05.2018ж. Өткізілу барысы:
1. Кіріспе 2. «Отан үшін отқа түскендер» деректі фильмнен үзінді.
3. Ешкімде, еш нәрседе ұмытылмайды! (мәнерлеп оқу)
4. Ер елі үшін туады. (мақалды жалғастыру)
5. Қаһарман ұрпаққа мың тағзым (Сұрақ – жауап)
6. «Кім шапшаң» ойыны. (ұяшықты ашу)
7. Отты күндер елесін, кітаптан оқып білесің.(кітап көрмесі)
І Кіріспе. Мұғалім: Армысыздар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ерлікке тағзым» атты ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.
«Отан үшін отқа түскендер» деректі фильмнен үзінді.
«Катюша» биі. 7 «Б» сыныбының бір топ оқушы қыздары ІІ. Ешкімде, еш нәрседе ұмытылмайды! (мәнерлеп оқу)
1-оқушы: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті. 2-оқушы: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.