Төменде берілген 2 мәтінді оқып,тапсырмаларды орындаңыз. А мәтіні.Ғаламтор мақаласынан үзінді. Мәңгілік ел - Қазақстан Мәңгілік ел – бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік.
Әлемде жерінің кеңдігі жөнінен бірінші ондықта орналасқан қазақ жерін, қазақ елін мәңгілік ел болып қалуы үшін батыр ұлдарымыз жоңғарлармен бетпе-бет келіп Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай қазақтың ұлтарақтай жерін жауға бермей, қызғыштай қорғағап, халық қорғаны бола білді.
Ресейдің қол астында болып ең басты, ең Бұдан кейінгі жылдарда да Тәуелсіздік үшін болған көтерілісте де жеңіске жетіп, 1991 жылы әупірімдеп Қазақ елі тәуелсіздігіне де қолын жеткізді. Бұл күн біз үшін, бүкіл қазақ халқы үшін ұмытылмас, асқан бір мейрам (ақ түйенің қарны жарылған күн) да болды, қайсар жастарын жоғалтқан қаралы күн де болды.
Иә, Ендігі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындады. Біз енді тар жол, тайғақ кешулерден өттік. Жеріміздің кеңдігіндей көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз ұлтпыз. Асанқайғының армандаған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған»заманы қазақтың басына енді туды. Ол - «Тәуелсіздік». Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік ел! Көз қарашығымздай сақтау мәңгі мұратымыз! (213 сөз)
Ә мәтіні. Газет мақаласынан үзінді «Мәңгілік ел – тәуелсіздіктің тұғыры» (Білім айнасы, Астана 2017ж) «Мен Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стратегиясының
түпқазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын
екенін барлығымыз білеміз»
Н.Ә.Назарбаев
«Мәңгілік Ел ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Мемлекет басшысы Тәуелсіздік арқасында халқымыз мәңгілік мұраттарға қол жеткізгенін, еліміздің жүрегі – Елорда тұрғызылғанына тоқталды. «Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың перзенті. Ендеше Қазақ Елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел», – деді Ұлт Көшбасшысы. Туған елінің құндылықтарын, әсіресе, тілі мен мәдениетін әрдайым құрметпен жоғары ұстап, ол құндылықтарды басқа ұлттар мен ұлыстарға, мемлекеттерге тарату да отансүйгіштіктің белгісі. Отансүйгіштіктің тарихи негізін ғасырлар бойы жинақталған адами тәжірибе, соның ішінде ұлт, ұлыс, жалпы этностың артықшылықтары қалайтынын, қажет болса, жанын салып отанды қорғау екенін көне тарих дәлелдеуде.
Тұңғыш Президентіміз айтқандай қазақ елінің, қазақ тілінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы – ұлттың ұлы бағдары. Елулікті еңсердік, енді дамыған отыз мемлекеттің қатарына енуді мұрат етіп отырмыз. Осы Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – біз үшін ортақ парыз, абыройлы міндет. (183 сөз)
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді қоса отырып, «Қазақстан Мәңгілік Ел бастауын қайдан алған?» едеген тақырыпта (170-200 сөз) көлемінде эссе жазыңыз