*+оң жақ жамбас-сан буынының туберкулезі
* оң жақты бейспецификалық полиартрит
#29
*!35 жастағы, әйел адам арқасының ауырсынуына, шаршағыштыққа, жүрісінің өзгеруіне шағымданып дәрігерге қаралды. Анамнезінде: туберкулезбен ауырған інісімен қарым қатынаста болған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, бұлшықет пальпациясы ауырсынусыз, перкуссия кезінде омыртқа жотасының кеуде бөлімінде ауырсыну анықталды. Қан және зәр сараптамалары өзгеріссіз. Омыртқа жотасының кеуде бөлімінің рентгенограммасында ІХ және Х кеуде омыртқааралық саңлаудың арасының жақындауы, ІХ омыртқа денесінің остеопорозы анықталды.
Төменде аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы ықтимал?
* ІХ, Х кеуде омыртқаларының деформирлеуші артрозы
* омыртқа жотасының кеуде бөлімінің остеохондрозы
* ІХ , Х кеуде омыртқаларының остеоартрозы
* ІХ, Х кеуде омыртқаларының остеомиелиті
*+ІХ, Х кеуде омыртқаларының туберкулезі
#30
*!35 жастағы, ер адам «оң өкпенің төменгі бөлімінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+, жаңа жағдай» диагнозымен емделген. Емнің мониторингісінде 2 айдан кейін клиникалық – рентгенологиялық оң динамика байқалады және қақырық сараптамасында ТМБ теріс. Науқастың өтінуімен тұрғылықты жеріне емге шығарылған. Шыққаннан соң антибактериальды препараттарды қабылдамаған. 3 айдан кейін қан аралас қақырықты жөтелге щағымданып келді. Қақырық жағындысында : ТМБ - нәтижесі оң.
Төменде аталған типтердің қайсысы туберкулезбен ауырған науқаста болуы мүмкін?
*+үзілістен кейінгі ем
* жаңадан жағдай
* ауыстырылды
* қайталану
* сәтсіз ем
#31
*!ӨСОА/ХОБЛ ауыратын 56 жастағы, ер адам «Өкпенің ошақты туберкулезі» деген диагнозбен ауруханалық ем қабылдап жатыр. Ем барысында дене қызуы 38°С көтерілді және өнімсіз жөтел, мазалады. Туберкулездің өршуіне күдіктенді. Қан сараптамасында: ЭТЖ -42 мм/сағ., лейкоциттер-12х109 /л, қақырығында барлық көру аймағында лейкоциттер көрінеді. Рентгенде ыдырау қуысы анықталмаған.
Аталған себептердің қайсысы хал жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін?
* өкпе рагіне күдіктену
* туберкулездің өршуі
* ӨСОА/ХОБЛ өршуі
* тұмауға күдіктену
*+пневмония
#32
*!Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында және оң өкпенің томограммасын-да (6,0-6,5-7,0 см) – бұғана асты аймағында қуыс көлеңке ішкі және сыртқы қабырғалары анық көрінеді, диаметрі 3х3 см көлімінде. Айналасындағы өкпе тіндерінде бірен саран бояу қанықтығы орташа ошақты көлеңкелер көрінеді.
Рентгенограммада және томаграммаларда мазмұндап жазылған патологиялық өзгерістер қайсы рентгендік синдромға тән?
Достарыңызбен бөлісу: |