Найзағай Жыл сайын әлемде 3 миллиардқа жуық найзағай ойнап, күн күркірейді екен. Бұлтта электр заряды жинақталып, нәтижесінде алып электр ұшқыны – найзағай пайда болады. Оның ізіндегі ауа бірден қызып, өте жылдам ұлғаюы себепті қатты күркіреген қорқынышты дыбыс естиміз. Бір найзағайдың энергиясы қуаты 100 ваттық электр шамның үздіксіз 3 ай тұтынатын энергиясымен тең екен. Сондай-ақ бір ғана найзағайдың жарқылы 10 млн. дана 100 ваттық шамның жарығынан да күштірек. Найзағай разряды ізіндегі ауа температурасы 25000°С -ке дейін көтеріледі. (1 ай=30 күн, дыбыстың ауада таралу жылдамдығы 340 м/с)
31.Бір найзағай жарқылдағанда бөлінетін энергия
A) 5,736·108 Дж B) 8,822·108 Дж C) 7,776·108 Дж D) 9,736·108 Дж E) 6,736·108 Дж
32.Егер 1 кВт·сағ элекр энергиясының құны 15 теңге болса, бір найзағай энергиясының құны (теңгемен)
A) 3240 B) 4520 C) 6380 D) 7150 E) 8470
33.Ауа температурасы 28°С болса, найзағай разрядымен қызған ауа молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы
A) 84 есе артады B) 28 есе артады C) 25 есе артады D) 72 есе артады
E) 67 есе артады
34.Бақылаушы найзағайдың жарқылын көрген мезеттен соң 10 с өткенде күннің күркіреуін естіді. Найзағай мен бақылаушының арақашықтығы
A) 2400 м B) 3400 м C) 1400 м D) 4800 м E) 3200 м
35.Найзағай разрядымен қызған ауа молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 9,5 есе артқан болса, ауа температурасы
A) 4°С B) 7°С C) 2°С D) 10°С E) 12°С
Автобус Автобус (француздың «autos» – өзі және латынша «(omnі) bus», яғни баршаға арналған деген сөзінен шыққан). Алғашқы автобус 20 ғасырдың басында пайда болды. Тәжірибе автобус жылдамдығын арттыру немесе төмендету кезінде үдеуінің модулі 2 м/с2 –тан, ал бұрылыста 1 м/с2 –тан артық болмаған жағдайда жүргіншілерге жайсыздық тудырмайтынын көрсетті. Тәжірибелі жүргізуші жүргіншілерге жайсыздық тудырмай қозғала отырып, оларды қажет жеріне мүмкіндігінше тезірек жеткізе алады.
36.Түзу жолда аялдамадан қозғалған автобустың жылдамдығы 58 км/сағ-қа жететін уақыт
A) 7 с B) 8 с C) 10 с D) 20 с E) 29 с
37.Бірқалыпты қозғалып келе жатқан автобустың аялдамаға дейінгі тежелу уақыты 7,5 с болса, бірқалыпты қозғалыс кезіндегі жылдамдығы
A) 75 км/сағ B) 72 км/сағ C) 63 км/сағ D) 54 км/сағE) 45 км/сағ
38.Автобус жүргізушісі белгілі аялдамадан кейін алдағы «тоқтап өту» жол белгісіне дейін 8 с үдемелі, 8 с бірқалыпты, 8 с кемімелі қозғалуға дәл келетінін байқады. Осы аялдамадан «тоқтап өту» жол белгісіне дейінгі қашықтық
A) 512 м B) 324 м C) 256 м D) 128 м E) 306 м
39.Автобус 54 км/сағ жылдамдықпен өткен жол бұрылысының қисықтық радиусы
A) 108 м B) 54 м C) 120 м D) 180 м E) 225 м 40.Автобус жол белгісі бар екі аялдама арасын 1 минут 20 с та жүрген болса, осы екі аялдаманың арақашықтығы
A) ≈ 860 м B) ≈ 1100 м C) ≈ 1200 м D) ≈ 1300 м E) ≈ 1400 м
Жүйрік пойыз Әлемдегі ең жүйрік пойыз орнынан қозғала отырып 1 минутта жылдамдығын 360 км/сағ-қа жеткізіп, келесі станцияға дейін осы жылдамдықпен жүреді. Тежелу уақыты 1 минут. Мұндай үлкен жылдамдыққа жету үшін электромагниттер «магниттік жастық» ретінде қолданылады және пойыздың пішіні қапталдай алуға ыңғайлы болатындай етіп жасалады.
41.Жүйрік пойыздың пішінінің аққыш болу себебі
A) ауа кедергісін көбейту үшін B) үйкелісті көбейту үшін
C) жылдамдықты кеміту үшін D) пойызды тез тоқтау үшін E) ауа кедергісін азайту үшін
42.Жүйрік пойызда магниттік жастық пайдалану себебі
A) ауа кедергісін көбейту үшін B) рельс пен үйкелісті көбейту үшін