8. Дадаизм (Dadа, немесе Dadaism)- I дүниежүзілік соғыс кезінде Цюрихтен басталып өркендеген, бейнелеу өнерінде, әдебиетте, сахналық өнер салаларында айырықша көзге түскен өнер қозғалысы.
Ол XX ғ. батыс өнері дамуы тарихында өзінен кейінгі мәдени беталысқа ықпал еткен негізгі ағымдардың бірі болды. Дадаизмді дүниежүзілік І соғыстың аласапыранында Еуропаның күйреген көне қоғамы мен мәдениетінің туындысы деуге болады. Дадаизм әдеби-көркемөнерлік ағым ретінде тым қысқа уақыт жалғасса да, қозғалыс ауқымы біртіндеп тарайса да, бәрібір қазіргі заманғы түрлі көркемөнер ағымдарына түгел дерлік ықпал еткен өзгеше өнер бағыты болды.
Достарыңызбен бөлісу: |