Топ №: 18-24 Сабақтың №: 17-18 Сабақтың тақырыбы



бет1/8
Дата16.10.2023
өлшемі306,32 Kb.
#116045
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
bd64e1a3172b4185c71f7fe2f055989c


АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
МКҚК «АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФЛОРИСТИКА КОЛЛЕДЖІ»


Пән: Қолданбалы информатика


Мерзімі: «17» наурыз 2020 жыл

Топ №: 18-24




Сабақтың №: 17-18


Сабақтың тақырыбы: Ms Exsel терезесіне шолу. Кестенің құрлымы

Microsoft Excel – электрондық кестелерді, диаграммаларды, тізімдерді және тіпті Web – беттерді дайындау үшін пайдаланылатын толық қызметтік кестелік процессор. Excel-дің файлдары Кітаптар деп аталады. Кітаптар жолдарв, бағандары, ұяшықтары бар Парақтардан тұрады.


Excel экранының терезесі 8.1 суретте көрсетілген.

8.1 сурет. Excel қосымша бағдарламаларының терезесі.


Excel терезесінің негізгі элементтері:



  • Меню жолы – Excel командаларына қатынас құруға мүмкіндік береді.

  • Тақырып жолы – құжат атауы мен терезені басқару батырмаларын қамтиды.

  • Стандарттық тақта – Excel командаларының көпшілігіне арналған батырмаларды қамтиды.

  • Формула жолы - ағымдағы ұяшықтардың ішіндегі барын, оның адресін немесе сілтемесін бейнелейді.

  • Форматтау тақтасы – форматтау комндаларына арналған батырмаларды қамтиды.

  • Тапсырмалар аймағы – ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.

  • Жолдар тақырыбы – бұл әрбір жолдың сол жақ бөлігінде орналасқан нөмірленген ентаңба.

  • Бағандар тақырыбы – бұл алфавит бойынша реттелген әріптік ентаңбалар, олар әрбір бағанның үстінде орналасқан.

  • Қалып-күйлер жолы – құжаттың ақпаратын қамтиды.

  • Шиыру жолақтары - құжаттың әр түрлі бөліктерін қарауға мүмкіндік береді.



Кестенің құрылымы

Электрондық кестелерде ақпарат ұяшықтарға енгізіледі. Ұяшық – бұл баған мен жолдың қиылысы. Әрбір ұяшықтың бірегей адресі немесе сілтемесі бар. Адрес бағанның атауы мен жолдың нөмірінен құралады. Сонымен, ұяшық В6 баған В мен 6-жолдың қиылысы болады. Ағымдағы ұяшықтың ішіндегі бары мен адресі Формула жолында бейнеленеді (8.2 сурет).



8.2 сурет. Формалалар жолында ағымдағы ұяшықтардың бейнеленуі




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет