ИІС СЕЗУ МҮШЕСІ Иіс сезу мүшесі сенсорлық жүйенің шеткері бөлігі болып анықталады және мұрынның шырышты қабықшасының шектеулі аймағының иіс сезу аймағынан құралып,ол адамда жоғарғы және аздап мұрын қуысының ортаңғы жарғағын,сонымен бірге мұрын тосқауылының жоғарғы бөлігін алып жатады.
Дамуы.Иіс сезу мүшесінің барлық бөлімдерінде даму көзі нейроэктодерманың оқшауланатын бөлігі,эктодерманың симметриялы жергілікті қалыңдамалыры-ұрықтың басының алдыңғы бөлігінде орналасқан иіс сезу плакодалары және мезенхима.Иіс сезу қапшығының біраз жасушалары иіс сезу безінің құралуына қолданылады.Кейініректе нейросенсорлық жасушалардың орталық өсінділері өзара бірігіп,20-40 жүйке шоғырларын құрайды да,ол болашақ торлы сүйектің шеміршектен тұратын бастамасының тесіктері арқылы бас миының иіс сезі буылтығына қарай орын ауыстырады.
Құрылысы.Негізгі иіс сезу мүшесі-иіс сезу анализаторлардың шеткері бөлігі биіктігі 60-90 мкм болатын көп қатпарлы циллиндр тәрізді эпителийдің қабатынан тұрып,ол жерде иіс сезетін нейросенсорлық жасушалырды,тіректік және базальды эпителиоциттерді ажыратады.Иіс сезу мүшесі иттерде жақсы дамыған,оларда иіс сезетін жасушалардың саны 255 млн-ға жетеді,адамда олардың саны айтарлықтай аз:Иіс сезу жасушаларының екі түрін ажыратады.Біріншілерінде шеткері өсінділерінің дисталды бөліктері ерекше жуандаған құрылымдармен иіс сезу төмпешігімен,немесе дендриттердің буылтығымен аяқталады.Иіс сезу эпителийінің жасушаларының аз бөлігінде иіс сезу микробүрлері болады.
Иіс сезетін жасушалардың шеткері өсінділері иісті заттардың әсерінен жиырыла алады,Иіс сезетін нейросенсорлық жасушалардың ядролары ашық түсті,бір немесе екі ірі ярдошықтары болады.Ядроының жанында орналасқан түйіршікті эндоплазмалық тор анық ажыратылады.Жасушаның базалды бөлігі жіңішке,аздап иректелеген аксонға жалғасады,ол тіректңк эпителиоцитеррдің арасымен өтеді.
Микробүрлері бар иіс сезетін жасушалар құрылысы бойынша жоғарыда сипатталған иіс сезу төмпешіктері бар нейросенсорлық жасушаларға ұқсас.Микробүрлер жасушалардың иісті қабылдайтын мембраналық бетін ұлғайтады.Дәнекер тіндік қабатта нейросенсорлық жасушалардың орталық өсінділері миелинсіз иіс сезу жүйкесінің шоғырын құрайды.