Ұжымдық - топ жоғары дәрежеде ұйымдасқан топтың түрі.Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерінің бір-бірімен ұштасып, «бір жеңнен қол», «бір жағадан бас» шығаратында йхалге жетуі, топтың психологиялық ахуалының орнауы, онда «ырың –жырыңның» орын алмауы, дамудың биік деңгейіне көтерілу – ұжымның басты белгісі
Артқа қайту
Байланысты топ – белгілі кеңістік пен мерзім арасында мақсат-мүдделерінің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы. Мәселен, бір сыныптағы оқушылар, мектептегі ұстаздар мен тәрбиешілер ұжымы,жұмысшылар бригадас", әскери бөлімдер, отбасының құрамы – мұның бәрі байланысты топтар деп аталады. Әлеуметтік психология үшін бұл топтардың маңызы ерекше. Отбасы – адамның алғашқы табиғи тобы. Сол топтардан – рулар қалыптасты. Бірлесіп еңбектену нәтижесінде адамдар кооперациялар құрды. Ал кооперациялар адамдардың шын мәнісіндегі еңбек тобы болып саналады.
Формальды топ – бұл топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сәйкес әр түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастардан жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау ресми орындардың алдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше көрінеді. Формальды топтарда кейде теріс эмоциялық әуен, яғни бір-бірін ұнатпау, сыйламау, менсібеу, жауласу сияқты кұбылыстар да болуы мүмкін. Бұл жәйт ондағы іскерлік қатынасқа қолайсыз әсер етеді,оның табысты болуына залалын тигізеді.
Формальды емес топ – бұл ұнату, көзқарас бірдейлігін тану сияқты психологиялық себептер бірлігі негізінде туады. Мұндай төп, ресми құжаттарды, тиісті нұсқауларды қажет етпейді. Мәселен бірлесіп балық аулау,аңшылықпен айналасу, отау тігу, дос-жарандық қатынаста болу – осындай топтың мысалдары. Бұл топтарда бірін-бірі ұнату, біріне-бірі бауыр басу ерекше байқалады. Егер мұндай қасиеттер топтан орын алмаса, онда топ біртіндеп ыдырай бастайды.
Топ аралық қарым-қатынас психологиясын зерттеуде көптегенғалымдар өз үлестерін қосқан, атап айтатын болсақ Г. Лебон концепциясында топ аралық агрессияны зерттеп көрсеткен, Т.Адорно еңбектерінде бір топтың екінші бір топтармен қастық қарым-қатынаста болу және үрей, қорқыныштың пайда болу негіздерін зерттеп көрсеткен. Топ аралық қарым-қатынас тек жаугершілік қатынас негізінде ғана көрсетілмеген, сонымен қатар түрлі іскерлік топ аралық келісімдер жүргізу.Топ аралық қарым-қатынам психологиясы жайлы. Ертедегі экспериментальдік зерттеулер М.Шерифпен жасөспірімдерге арналған АҚШ лагерінде өткізiлген. Топ аралық қарым-қатынасты зерттеуде М.Шериф өзіндік топтық жакындасу үлгісін ұсынған. Топ аралық қарым - қатынас жасау дағы қастандық немесе істес болу жолдарын жеке тұлға ісінен іздеу емес,топтық істерден іздену негізін ұсынған. Әлеуметтік психологияда топ аралық қарым-қатынас проблемаларын зерттеген және өз еңбектерінде көрсеткен В.С. Агеев. Ол өз еңбектерінде топаралық қарым-қатынас жасаудағы сыртқы емес, ішкі процесстердің әсері немесе когнитивтік аумағы деп атап
https://stud.kz/referat/show/82433
Қ.Жарықбаев – Психолоия
К.С.Жұмасова Психология
Н.С.Ахтаева А.І.Әбдіғапбарова З.Н.Бекбаева Әлеуметтік психология