Топ: Ересек тобы
Білім беру саласы: «таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қарапайым математика
Тақырыбы: Кеңістікті бағдарлау
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлау туралы түсінік беру.
Міндеті:
1) Бұл сабақта заттардың қайда орналасқандары туралы түсінік беру,балаларды оң және сол жақтарын білуге үйрету;
2)Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3)Балаларды кеңістікті бағдарлауға үйрете отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, ойын әдісі.
Көрнекіліктер: қабырғасы ілінген сурет -көрнекіліктер, доп
Билингвальный компонент: оң- правый, сол- левый, асты- вниз,үсті- вверх, пішін- фигура, дөңгелек-круг, үшбұыш-триугольник, тіктөртбұрыш-четыреугольник.
Сабақтың түрі: Аралас
Оку іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушылық
|
Балаларға шеңбер болып тұрды.
Амансың ба,жер ана!
Амансың ба, нұрлы күн!
Аман есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
|
Балалар шаттық шеңберге тұрып қимыл қозғалыс жасайды.
|
Ұйымдастырушылық—ізденістік
|
-Балалар айналаға қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?
-Ия, дұрыс кімнің аяқ киімі екен?
(БІЛМЕГІШ ТОПҚА КІРЕДІ)
-О, сәлем балалар! Менің атым БІЛМЕГІШ, жолда адасып, аяқ киімімді қайда тастағанымды білмедім…
-Ия, БІЛМЕГІШ, сенің аяқ киіміңді біз тауып алдық
(БІЛМЕГІШ қуанып аяқ киімің кие бастайды, оң солын ажырата алмай отырады)
-БІЛМЕГІШ сен оң солынды ажырата алмай отырсың ба?
-Ия, ұмытып білмей жатырмын…
-Балалар онда білмегішке көмектесе отырып бір ойын ойнайды!
Ойын: “Кеңістік”
Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру
Жасы: 3,5-5 жас аралығы
Қажетті заттар: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер.
Ойын барысы: бөлменің қабырғаларын әр түрлі суреттермен безендіріп, ойын барысында 《 ағаш қайда орналасқан?》 сияқты сұрақтарды қою арқылы алды-арты, жоғары-төмен, алыс-жақын, оң-сол деген ұғымдармен таныстыру
(БІЛМЕГІШ аяқ киімін киіп, қоштасады)
-Ал, балалар көп рахмет сендерге, сендер сондай ақылдысыңдар!
СЕРГІТУ СӘТІ
ОЙЫН
Оң қолымызды жоғары көтереміз, сол қолымызды жоғары көтереміз, шапалақтаймыз !
Оң қолымызды сол құлағымызға қоямыз
Сол қолымызды оң құлағымызға қоямыз
Оң аяғымызды жоғары көтеріп секіреміз
Сол аяғымызды жоғары көтеріп секіреміз
|
-Аяқ киім
-Білмейміз
-Сәлем, сенің аяқ киімің бізде!
-ия, ия ,ия
Балалар ойын ойнайды
Балалар білмегішпен қоштасады.
Балалар сергіту сәтін орындайды
|
Рефлексиялық -түзетушідік
|
Қортынды ойын : «Кеірісінше айт»
Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру
Қажетті заттар: доп
Ойын барысы: педагог балаға допты бере отырып, бір кеңістік бағдарының атауын атайды. Допты алған бала педагогқа кері бағытты атай отырып, допты кері қайтаруы керек. Мысалы; оң – сол, жоғары – төмен, алдында – артында, т.с.с.
|
Балалар ойын ойнауы
|
Күтілетін нәтиже: балаларда кеңістік туралы түсінік қалыптасады.
1) балалар оң және сол жақтарын, асты үстін жанын т.б кеңістіктерді ажырата білуі тиіс.
2) балалар алдында, артыңда, жаныңда, ішінде т.б айырмашылығын түсінеді .
3) балалар кеңістіктерді тауып көрсете біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |