Топ фмк 21-19 Курс: Семестр: 7


Зақымдану тереңдігіне байланысты үсіктің 4- дәрежесін анықтайды



бет40/58
Дата31.12.2021
өлшемі323,52 Kb.
#22979
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58
Байланысты:
Апат.катаст.

Зақымдану тереңдігіне байланысты үсіктің 4- дәрежесін анықтайды:

  1. Тіндер өлмеді. Науқастар қышынып, анық ауыратынына, ысыған, жансызданған сезімге шағымданады (парестезия). Тері қызарған, көкшілденген таңбалар бар. Тіндердің айқын ісінгені көрінеді. Ауыру сезімі төмендеген. Аталған өзгерімтер 3-7 күннен кейін басылып, эпидермистің түлеуі байқалады.

  2. Эпидермис өледі, шағымдар 1-ші дәрежедегідей, бірақ ауру сезімі күшейеді, әсіресе түнде 2-3 күндей ауыру сезімі сақталады. Өлген эпидермис сыдырылып бір немесе бірнеше күлдіреуіктер түзіледі. Олар сары немесе геморрагиялық сұйықтықпен толған. Егер күлдіреуіктің қабығын сыдырса ауыратынашық-қызыл дерма көрінеді. 2-ші дәрежелі үсікте жаралар 10-15 күннен кейін эпителиймен жабылып жазылады.

  3. Терінің барлық қабаты және жұмсақ тіндері өледі. Науқастар қатты және ұзақ ауыру сезіміне, парестезияға шағымданады. Іштері геморрагиялық сұйықтықпен толған күлдіреуік астындағы дерма қоңыр түсті болып келеді. Күлдіреуіктің орнына 6-7 күннен кейін қара түсті өлеттенген қабық пайда болады. Қабық 3-4 аптаның соңына таман сыпырылып түсіп, гранулденеді. Жиектік эпителизацияның біртіндеп жүруімен тыртық түзіліп барып жазылады.

  4. Жұмсақ тіндер өліп, сүйек жалаңаштанады. Кейде зақымданады. Шағымы 3-дәрежедегідей. Ісіну өлген тіндерден асып, таралып айқын көрінеді. Қабық түзіліп, біртіндеп түседі. Улану белгілері байқалып, науқастың жалпы жағдайы ауырлайды. Үсіктің 3-4 дәрежелерінде 5-7күннен кейін өлетті шекарасы көріне бастағаны анықталады. Үсіктің 4-дәрежесінде бет, мұрын, құлақ, ұрт, бет доғасының жұмсақ тіндері жойылуы мүмкін.

Бетке пластикалық операциялар жасалған адамдар, әсіресе Филатов сабақшасын қолданғанда, суықтан сақтануы қажет. Филатов сабақшасы тіндерінің суыққа сезімталдығы әрқашанда жоғары болады. Олар ауа температурасы-5 с 2-3 сағат аралығында үсікке шалдығуы мүмкін. Дұрыс және уақытында көрсетілген көмек үсік кезіндегі өзгерістердің жайылуын тежеуі мүмкін. Бұл тіндерге қан келуді қалпына келтіру жылдамдығына байланысты. Терінің зақымданған аймағы қызарып, жылынғанша қолмен жеңіл, жылы массаж жасау тиімді. Кейін теріні спиртпен немесе йодтың әлсіз тұнбасымен сүртіп, вазелин немесе басқа жылытатын таңғыш салған жөн. Үсіген жерді қармен уқалауға болмайды, себебі одан әрі салқындап, зақымдану ағымын ұлғайтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет