Топ жаңа мүшелерге жылы шырай танытып, олардың үйренісіп кетуіне көмектесуге тырысады.
Оқушылар оңай, еркін, жылдам, жоғары үлгеріммен әрекеттерін үйлестіреді.
Жекелеген топтар белсенді ортақ негіз бірлігін сақтай отырып, бір-бірімен өзара әрекеттеседі.
Топтың қабілетті ұйымдастырушылары оның беделді және өкілетті өкілдері болып табылады. Топ эмоционалдық күйің бақылап және басқара алады. Балалар бірге болғанды, бірлескен іс-шараларға қатысқанды ұнатады.
Оқушылардың дайындық деңгейі мен жалпы даму деңгейі орташадан жоғары. Кейде білімнің кейбір салаларында олқылықтар болады және бұл мектептегі білім берудегі кемшіліктерге байланысты болуы мүмкін. Студенттердің қызығушылықтары кең аумақта жатыр және бұл оқылатын пәндер санының көп болуына байланысты. Тәжірибелік оқытуға қызығушылық артады және, шамасы, бұл осындай білімге деген сұранысқа байланысты. Студенттермен қызығушылық жеке тұлғаның темпераментін анықтау үшін тест жүргізді. Сондай-ақ бастама көтерген кейбір студенттерді атап өткім келеді жеке қасиеттерін анықтау үшін жаңа қызықты тест тапсырмаларын іздеді.
Студенттер өздерінің болашақ мамандығына қызығушылық танытады. Жасаған таңдауына ешкім өкінбейді, барлығы АМКУ-дің Гуманитарлық-педагогикалық факультетінде оқитындарына қуанышты. «Қазір қай факультетке түскіңіз келеді?» деген сұраққа бәрі қайта осы таңдаған факультеттерін таңдар едік деп жауап берді.
Топтағы жанашырлық пен эмоционалдық байланыстарға негізделген тұлғааралық қарым-қатынас құрылымын ашу үшін социометриялық зерттеу жүргіздім.