Топ. «Жасыл» экономика ұстанымына көшудегі озық ел-Жапония тәжірибесіне баға беру топ



бет2/2
Дата10.11.2022
өлшемі128,61 Kb.
#49095
1   2
Байланысты:
...Жаңа инновациялық технологиялар.docx 10 с тапсырма

Тікелей қолдану: Исландиядағы үйлердің 90%-ға жуығы жылу мен ыстық суды тікелей геотермальды энергиядан алады. Ғимараттарды жылыту үшін ыстық су жер түбінен алынып, еден асты құбырлардан өтеді.
Электр энергиясы: Исландиядағы қажетті электр энергиясының көбін гидроэлектростанциялар өндіргенімен, 25%-ға жуығын геотермальды электростанциялар береді. Олар суық суды жердің ыстық қабатына жіберу арқылы жұмыс істейді. Суды кері шығару үшін қысым қолданылады. Су бу күйінде көтеріліп, электр энергиясын өндіретін турбиналарды айналдырады.
Ал өз елімізге келсек, Нұр-Сұлтан қаласында салынған Қазақстандағы алғашқы жасыл «Talan Towers» бизнес-орталығы LEED халықаралық сертификатын алды. Оны салу кезінде пайдаланылған «жасыл технологиялардың» көпшілігі Қазақстанда алғаш рет енгізілді. Talan Towers энергияны үнемдейтін лифтілерді, энергияны үнемдейтін арнайы әйнектерді, күн панельдерін пайдаланады. Жаңбыр суын қайта пайдалану, электромобильдерге арналған зарядтау станциялары, киім шешетін бөлмелер мен велосипедшілерге арналған душ бөлмелері қарастырылған. Бұл елордада «Жасыл шатыр» технологиясы қолданылған алғашқы ғимарат – жылдың суық мезгілінде шатыр ғимарат ішінде жылуды, ал жылы мезгілде салқындықты сақтайды.
2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласында EXPO халықаралық «Болашақтың энергиясы» деп аталатын көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналды. Көрмеде жаңартылатын энергия көздері және «жасыл экономика» қағидатын іске асыру жөніндегі идеялар мен шешімдер көрсетілді: өзін қамтамасыз ету үшін энергияны тудыратын ғимараттар, «ақылды үйлер», электромобильдер, биотынмен жүретін автомобильдер және тағы басқалар. Көрмеде ұсынылған баламалы энергия көздерін игеру технологияларының негізінде Қазақстан аймақтарында бірнеше тиімді жобалар іске қосылды. Сондай-ақ, елдегі сарқылмайтын ресурстар мен климаттық жағдай көптеген аймаққа баламалы энергия көздері – күн, жел электростанцияларын салуға мүмкіндік береді. Жел электр станциялары Жамбыл, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жұмыс істеп тұрса, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарында күн энергиясын өндіру аймақтары бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет