Топ: пм-2011К-8 Мамандық: Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі. Аты жөнім: Дайрабайқызы Мерей Жетекші Утеева. Г. Т. Жоспары



бет8/13
Дата20.12.2022
өлшемі63,48 Kb.
#58508
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Белсенді оқыту технологиясы

Жазылымға арналған әдіс-тәсілдер. Мәтінді өз бетімен меңгергенен кейін ол туралы білім алушыда белгілі бір ой қалыптасуы 36 тиіс. Оған өзінің көзқарасын білдіре отырып, есінде терең және ұзақ сақталуы үшін жазбаша түрде кері байланыс міндетті түрде жүзеге асуы керек. Сондықтан, жазбаша жұмыс әлдеқайда қызықты және әртүрлі үлгіде болса тиімді болмақ. Бір сарынды жазбадан гөрі түрлі жолмен жүзеге асырылса, шығармашылықтың дамуына, сын тұрғысынан ойлау дағдысының қалыптасуына ықпал етеді. Сабақ сайын әртүрлі әдіс-тәсілдердің қолданылуы ақыл-ой қабілетін де шыңдайды.
Жүгіртпе диктант. Оқу бөлмесі есігінің сыртына немесе дәліздегі қабырғаға диктант мәтіні жазылады. Студенттер шағын топқа бөлінеді. Әр студенттің реттік нөмірі анықталады. Оны нөмірленген жетон беріп немесе сағат тілі бағытымен санау арқылы да анықтауға болады. Сол ретпен әр топтан бір-бірден студенттер шығып, мәтінді бір сөйлемнен оқиды да, жүгіріп келіп тобына айтады. Ал топ мүшелері алдын ала дайындалып, ортада жатқан параққа бір-бірінің көмегімен естігендерін жазады. Нөмірлерінің ретімен студенттер тағы да бөлмеден шығып, келесі сөйлемді оқып келіп, тобына қатесіз жеткізуі тиіс. Ослайша мәтін біткенше жалғаса береді. Топта барып мәтінді оқып келмеген студент болмауы тиіс. Жұмысқа барлығы бірдей қатысады. Есте сақтау қабілетіне байланысты біреу көп, біреу аз шығуына да болмайды. Мәтін толық біткен соң үзінді-үзінді бойынша тексеріледі. Мысалы, бір топ бірінші абзацты оқып, қате, дұрыс жазғандары анықталады. Солай мәтін толық біткенге дейін тексеріледі. Бұл тапсырма диктанттың бір түрі бола тұра, топтық жұмысқа дағдыландырып, жауапкершілікке үйретеді. Есте сақтау мен сауатты жазу дағдысын қалыптастырады, мұқият болуға тәрбиелейді. Мәтін мазмұнын есте сақтауға ықпал етеді. Жаңа тақырыпты меңгертуде де қолдануға болады.
Кейіпкер ойын тап. Тақырыпқа байланысты бейнефильм көрсетіледі. Ескеретін жағдай: бейнефильмді көрсеткенде оның дауысы естілмеуі керек. Тек репортаждағы қимыл, ісәрекеттер ғана беріледі. Жазылым тапсырмасы: Осы дыбыссыз бейнефильмді көргеннен кейін журналист ретінде репортаж мәтінін жазады. Ол үшін мынадай тапсырмалар беріледі:
- Сіз бейнефильмді көзбен көрген тілшісіз. Жұмыс орныңызға келдіңіз де түсірген кадрларыңызға мәтін жазуға отырдыңыз. Жазуды бастаңыз! Жазып біткен соң оқып шығыңыз.
- Қайта жазу. Енді фильмді дыбысын қосып, қайта көріп шығады, өз жазғандарымен салыстырады, ішінен өзіне ұнамаған сөздерді тыңдалған репортаждағы сөздермен алмастырып, мәтіндерін қайта өңдеп жазып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет