Топ: пм-2011К-8 Мамандық: Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі. Аты жөнім: Дайрабайқызы Мерей Жетекші Утеева. Г. Т. Жоспары



бет12/13
Дата20.12.2022
өлшемі63,48 Kb.
#58508
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Белсенді оқыту технологиясы

ҚОРЫТЫНДЫ

Оқытудың белсенді технологиясын сабақ барысында қолдану өте тиімді. Оқушыларға білім беру барысында белсенді және интербелсенді әдістер олардың білім алу үрдісін дамыту мақсатында соның ішінде: шығармашылығын шыңдауға, таным белсенділігін арттыруға, дербестікке үйретуге, пікір алмасуға, өз ойын тиянақты, нақты жеткізе білуге, қабілетін бағалауға, тиімді қарым-қатынас орнатуға деген мақсатында қолданылады.


Жұмыстың нәтижесінде жеткен жетістіктер:
- бір- бірімен өзара қарым- қатынастарды дамыту;
- оқушылардың өзіндік идеялары мен пікірін айта алуы, баға бере алу;
- оқушылар ұжымында бірлесе отырып жұмыс жасаудың рухани және моральдық ережелерді терең үйренуі.
Бұл арқылы болашақ әріптестерімен қарым- қатынасты тәжирибе жүзінде меңгере алуы;
- мінез- құлқының өзгеруі.
Белсенді және интербелсенді оқыту әдістерінің негізгі қағаидаларын, ұйымдастыру ережелері мен жүзеге асыру шарттарын іс-жүзінде қолдандым. Соның нәтижесінде білім беру салаларында белсенді және интербелсенді әдісті қолданудың ерекшеліктерінінің тізімі жасалды:
- Сабақты өмірмен байланыстыру.
- Ұжымдық қарым-қатынастың тиімділігі.
- Интербелсенді сабақтың құрылымы.
- Интербелсенді әдістің қағидалары.
- Интербелсенді әдістердің оқушы психологиясы, үлгерім ретіне қарай қолданылуымен байланысты.
Олар сондай – ақ әлеуметтік тәжірибеге- жеке және өз серіктестеріне жүгінеді, бұл ретте бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу, қойылған міндеттерді бірлесіп шешу, жанжалдарды еңсеру, жанасудың ортақ нүктелерін табу, қажет болған жағдайда ымыраға келу қажет. Бұл ретте топтың жұмысына оның барлық мүшелерінің қатысуы, бастаманы басу немесе бір немесе бірнеше көшбасшыларға жауапкершілік жүктеу болмауы маңызды. Сондай- ақ интербелсенді әдістер үшін топтардың тапсырмалары арасында өзара байланыс болуы, ал олардың жұмыстарының нәтижелері бірбірін толықтыруы маңызды.
Оқытудың белсенді әдістерін пайдалану әрбір педагогке мақсатты түрде тәрбиелеуді, дамытуды және әлеуметтендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагог сабақты жоспарлап, пәндік мақсаттарды қоя отырып, білім алушыларды тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтендіру мақсатын қалыптастырады. Осылайша, тұлғаны тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтендіру процестері білім алушының барлық білім беру процесін дамытады. Белсенді оқытудың негізгі процестерін толыққанды жүзеге асыру білім алушылардың жаңа білімін қарқынды пысықтауды және сапалы меңгеруін, оқу, пәндік және арнайы іскерліктерін қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет