Топ: пм-2011К-8 Мамандық: Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі. Аты жөнім: Дайрабайқызы Мерей Жетекші Утеева. Г. Т. Жоспары



бет2/13
Дата20.12.2022
өлшемі63,48 Kb.
#58508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Белсенді оқыту технологиясы

Зерттеудің практикалық құндылығы. Тәжірибе арқылы оқушылардың сабақ үлгерім көрсеткіші артты және шығармашалық қабілеттері дамыды.
1. Үздіксіз оқыту жүйесіндегі белсенді оқыту технологиясының теориялық-әдістемелік негіздері
1.1 Белсенді оқыту технологиясының сипаттамасы
Белсенді оқыту әдісі – бұл әдіс оқытушы мен білім алушының тығыз қарым-қатынасының көрінісі. Оқытушы тек түсіндіріп қана өтпей, білім алушылардан жауап алады, тақырыпқа деген өзіндік ойын, пікірін алмасып отырады. Білім алушы тек тыңдап отырып қана қоймай, белсенді қатысушы әрекетін атқарады. Бұл мұғалім мен білім алушының тең дәрежеде, тең құқықта әрекет ете алатындығын көрсетеді. Пассивті оқыту әдістерінде мұғалім ғана рөл ойнап, қарым-қатынастың авторитарлық стильі көрсетілсе, ал белсенді оқыту әдістерінде демократиялық стиль басымдық танытады.
Бұл әдістің мәні –педагог пен оқушылардың өзара іс-қимылының сипаты өзгереді. Оқытушы әлі де басты, жалғыз ақпарат көзі және сарапшы болып қала береді, бірақ оқушылар пассивті тыңдаушылар болып табылмайды. Олар сұрақтар қойып, қажетті ережелерді түсіндіре алады, өз шешімдерін ұсына алады. Бұл жағдайда оқу-тәрбие процесін оқытушы толық алдын ала дайындамайды, себебі сабақтың қатаң құрылымы жоқ, талқылау үшін қосымша тақырыптар болуы мүмкін. Тақырыптар мен проблемаларды қалыптастыру бірлескен талқылау барысында де орын алады. Сонымен қатар, белсенді әдістердегі педагогтың рөлі маңызды болып табылады, онсыз сабақты одан әрі өткізу мүмкін емес.
Оқу үрдісіндегі іске асыру түрлері: қатар, нұсқалар және топтар арасындағы жарыс, пікірталастардың кез келген түрлері, әр түрлі әңгімелер, баламалы шешімдерді талқылау және т. б [1].
Белсенді және интербелсенді әдістерді ұйымдастыруында, қолданылуында өзіндік ерекшелік бар. Белсенді әдіс алғашында пайда болды, оған әдістің қарапайым түрлері кірді. Ол белгілі оқу құралымен, яғни оқулықпен іске, жүзеге асырылады. Бұл жерде оқу құралдары тар және кең мағынада қолданылуы мүмкін. Оқу құралдары, бұл оқулықтар, көрнекі құралдар, көрсетпе жабдық және тағы басқа техникалық саймандар болуы мүмкін, ал кең мағынада оқу материалын игеру барысындағы кез келген көмектесетін кез-келген көмекші жағдаятты айта аламыз.
Белсенді әдістер: проблемалық дәріс, проблемалық семинарлар, дисскусия, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, дөңгелек үстел, эвристикалық әңгіме, конференциялар және тағы басқа түрлері бар.
Белсенді оқыту әдістері өз жіктемесінде жартылай кәсіби іс-әрекетті жоспарлайтын, іскерлік, білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.
Белсенді әдістің ерекшеліктері: білімді меңгерудегі саналы ойлау іс- әрекеті, дәлелділік дәреженің көрсетілуі, таным процесінің нәтижесісезім мен ақыл-ойды береді, таным процесі нәтижесінде жетекшілік етуде іскерлікті дамыту, шығармашылықтың жоғары деңгейде дамуына әрекет ету.
Белсенді және интербелсенді әдістердің өзара ұқсастығы мен теңдігіне қарамастан олардың айырмашылығы бар. Интербелсенді әдістерді оқытудың заманауи оқыту әдісі деп қарастырсақ болады.
Интербелсенді («inter»- бұл бірігу, бірге, «aсt»- әрекет ету) - яғни бірлесе жұмыс жасауды, тығыз қарым- қатынаста болуды білдіреді, яғни бұл жерде тек оқытушы мен білім алушы ғана емес, білім алушылардың бір-бірімен жұмыс жасауы көзделген. Сонымен интербелсенді оқыту әдісі - үйренушілер мен үйретушілердің арасындағы оқытудың өзара белсенді жұмыс істеу әдісі [3].
Интербелсенді әдісті қолданған кезде оқытушының рөлі күрт өзгереді, ол реттейді және оқу –тәрбие процесімен айналысады, жалпы бағытты анықтайды (алдын ала қажетті тапсырмаларды дайындайды және топтарда талқылау үшін сұрақтар мен тақырыптарды құрастырады), белгіленген жұмыс жоспарын орындау уақыты мен тәртібін бақылайды, кеңес береді, күрделі терминдерді түсіндіреді және күрделі қиындықтар болған жағдайда көмектеседі. Бұл ретте білім алушыларда қосымша ақпарат көздері: кітаптар, сөздіктер, анықтамалықтар, заң жинақтары, компьютерлік іздестіру бағдарламалары пайда болады. Олар сондай – ақ әлеуметтік тәжірибеге- жеке және өз серіктестеріне жүгінеді, бұл ретте бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу, қойылған міндеттерді бірлесіп шешу, жанжалдарды еңсеру, жанасудың ортақ нүктелерін табу, қажет болған жағдайда ымыраға келу қажет. Бұл ретте топтың жұмысына оның барлық мүшелерінің қатысуы, бастаманы басу немесе бір немесе бірнеше көшбасшыларға жауапкершілік жүктеу болмауы маңызды. Сондай- ақ интербелсенді әдістер үшін топтардың тапсырмалары арасында өзара байланыс болуы, ал олардың жұмыстарының нәтижелері бірбірін толықтыруы маңызды.
“Интербелсенді оқыту” – қолданысқа енгізілген жаңа ұғымдардың бірі болып келеді. Термин алғашында 1990 жылы педагогика әлемінде пайда бола бастаған. Бұған байланысты әртүрлі нұсқалар бар. Интернеттің дамуымен бұл терминді көп ғалымдар өз зерттеулерінде байланыстрып жүр. Интербелсенді оқыту әдісі басқада жаңа оқыту әдістерінің пайда болуымен тығыз байланысты, неге десек, онлайн сабақтар, қашықтықтан білім алу әдістері бұл жаңа әдістің пайда болуына негіз жасады дейді, кей ғалымдар.
XX ғасыр екінші жарты жылдығында интербелсенді оқыту терминінің негізі бастау алған. 1950-1960 жылдары интербелсенді әдіс гуманистік психология концепциясында өз нұсқасы көрсетілген. Бірақ ғалымдардың айтуынша 1930 жылы француз ғалымы Рег Реванс “белсенді оқыту” терминін енгізді делінген [2].
1975 жылы ағылшын ғалымы Ганс Фриц “Интерактивті педагогика” ұғымын енгізіп, оның педагогикалық процесстердің ішіндегі іс-қимылдың негізі екенін көрсетті.
Кеңестік дәуір оқытушылары 1980 жылдан бастап топтық диалог нысанын тәжірибе жүзінде игеріп, интербелсенді оқыту әдісіне қолдана бастаған.
1980 жылдардың соңында бірқатар авторлар, оның ішінде В.А Гузеев, М.В. Кларин, Е.С Полат, В.А Сластенин оқытудың әдістерін “Пассивті әдіс”(дәстүрлі әдіс) және “Активті әдіс”, сондай-ақ “Интербелсенді оқыту” деп бөлді.
Жаһандық Word Wide Web (1991) және бірінші веб-шолғыш (1994) құрылды. Осы сәттенбастап білім беру саласында “Интербелсенді оқыту” әдісі қарқынды даму барысында болды.
Ал қазіргі кезде интербелсенді оқыту әдісінің қолданылуы аясы өте ауқымды. Кез-келген білім бер саласында оң нәтижеге жету үшін түрлі тәжрибелік жұмыстар атқарылып келеді[4].
Интербелсенді әдістер топтық және жеке болып бөлінеді. Топ арасында дискуссия, ойын, тренинг- әдіс бойынша бөлінеді. Ал, енді интербелсенді оқыту әдістерінің жалпы түрлерін айтар болсам, олар: “ақылдың алты қалпағы”, “сұрақтар шеңбері”, “жұдырық- алақан”, “Блум таксономиясы”, “айналмалы бекеттер”, “стикердегі диалог”, “еркін әңгіме”, “алтын балыққа арналған аквариум”, “Джигсо”, “елшілер”, “балалар философиясы”, “шеңберге жиналу уақыты”, “Екі жұлдыз, бір тілек”, “БИНГО”, “Басқа адамдардың пікірлер”, “Құпия”, “Пазл”, “Ыстық орындық” және тағы басқа түрлері бар. Құрманов интербелсенді технологиялардың тізімін саралап, көрсеткен болатын:
-Л.В Занковтың дамыта оқыту технологиясы;
-Д.В Эльконин мен В.В Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі;
- Проблемалық оқыту теориясы.
- Мазмұндық жалпыламалау теориясы;
- Бағдарламалық оқыту;
- Ақыл әрекеттерін кезеңдеп қалыптастыру тұжырымдамасы;
- Танымдық қызығушылық дамыту теориясы;
- Оқытуды оптимизациялау теориясы;
- Оқу әрекетін белсендіру теориясы;
- Оқытудың бейімделу жүйесі;
- Интенсивті оқытудың әдістемелік жүйесі;
- Тұнғиыққа шому технологиясы;
- Модульдік технология;
- Кредиттік оқыту технологиясы;
- Оқытудың ұжымдық технологиясы;
-Дамытатын орта бастауыш оқыту технологиясы;
- Әрекеттік қарым-қатынас негізінде құрылған технология;
- Тәрбие технологиясы;
- Субъективті критицизим технологиясы;
- Схемалар теориясы; -Дидактикалық бірліктер теориясы;
- Гуманистік педагогика;
- Толық меңгеру технологиясы;
- Парасат құрылым технологиясы;
- “Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту” технологиясы;
- “Step by step” халықаралық технологиясы;
- Пікір-сайыс халықаралық бағдарламасы;
- Эвристикалық оқыту технологиясы;
- “Өзін-өзі тану” үйрету моделі;
- Мәселе қойып оқыту технологиясы;
- Қашықтықтан оқыту технологиясы[3].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет