Топ: пм-2011К-8 Мамандық: Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі. Аты жөнім: Дайрабайқызы Мерей Жетекші Утеева. Г. Т. Жоспары



бет6/13
Дата20.12.2022
өлшемі63,48 Kb.
#58508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Белсенді оқыту технологиясы

Кроссенс. Кроссенс – ағылшын тілінен аударғанда inter» - өзара, «act» - әрекет) – үнемі біреумен – «арасы»; act – «әрекет» дегенді білдіреді. Сонымен «кроссенс» сөзі «мағыналардың қиылысуы», «пайымдаулар қиылысы» дегенді білдіреді. Осы атаумен аталатын әдісті жазушы, педагог, математик Сергей Федин мен техника ғылымдарының докторы, суретші және философ Владимир Бусленко ойлап тапқан. Авторлар бұл әдісті «сөздер қиылысы» деген мағына беретін «кроссворд» сөзінің баламасы ретінде алған және алғаш рет 2002 жылы «Наука и жизнь» журналында жариялаған. Кроссенс – кескіндер мен суреттердің өзара байланысы арқылы құрылған ассоциялық тізбек, біртұтас әңгіме. Тоғыз сурет тор көздерге орналастырылады. Олардың әрқайсысы алдыңғы және өзінен кейін тұрған суреттермен логикалық байланыста болады, ал ортасындағысы мағынасы жағынан барлығын бір арнаға тоғыстырады.
Суреттердің өзара байланысы мағынасы жағынан оқиғаның, құбылыстың даму эволюциясын білдіруі мүмкін. Кроссенсті жоғарыдан төмен және солдан оңға қарай оқу керек, сосын алға жылжи отырып, ортасындағы: 5-тор көзде тұрған суретпен аяқтау қажет. Оқыған кезде қайсы суреттің мағынасы түсінікті содан бастап шеше беруге болады. Әдетте тор көздердегі байланыс былайша құрылады: 1-2, 2-3, 3-6, 6-9, 9-8, 8-7, 7-4, 4-1, сондай-ақ, орталық тор көзбен мына тор көздер байланысуы ықтимал: 2-5, 6-5, 8-5 және 4-5.
Кроссенстің сабақта қолданылуы:
- жаңа материалды оқып үйренуде: сабақ тақырыбын анықтауда, жағдаятты шешуде;
- оқу материалын бекіту, қорытындылауда;
- шығармашылық жұмыс берілгенде. Кроссенс құру алгоритмі:
- тақырыпты, жалпы идеяны анықтау;
- идея мағынасын ашатын суреттерді іздеу, іріктеу;
- идеяға, тақырыпқа қатысты 9 элементті көрсету;
- элементтер арасындағы байланысты табу, реттілігін анықтау;
- бір элементке негізгі –орталық ойды шоғырландыру;
-әр элементтің ерекше белгілерін танып білу
Мәтінмен жұмысқа арналған әдіс-тәсілдер Мәтін – өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын басты белгілері-жүйелілік және тұтастық. Тұтастық категориясы сол мәтінді ұғынып, мәнін түсінгенде ғана пайда болатын, оның логикалық жағымен тығыз байланыста болса, ал оның жүйелілігі күрделі бірліктерді құрайтын тілдік құралдардың белгілі әдіс-тәсілдер арқылы ұйымдасуынан көрінеді. Мәтін мазмұнын түсіну, оның ішіндегі негізгі және жанама ойдың бөліну заңдылығын айыра білумен айқындалады. Мәтінді толық және дәл ұғыну оның ішіндегі сөздердің мән-мағынасын түсініп, білуге де байланысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет