Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
Қазақ тілі мен әдебиеті БББ
СӨЖ
Тақырыбы: «Жас грамматизм. Лейпциг лингвистикалық мектебі»
Топ: ҚТӘ-43
Орындаған: Бауыржанқызы Ж., Дүйсен Д., Есіркеп Ә.,
Ерік Н., Ізбасар Ә
Тексерген: Сарыбаева Б
Павлодар, 2023 ж
Жас грамматизм. Лейпциг лингвистикалық мектебі.
Жас грамматикалық көзқарас (младограмматизм) XIX ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Бұл ағымның Германиядағы көрнекті өкілдері К. Бургман, (1849— 1919), Г. Остгоф (1842—1907), Б. Дельбрюк (1842— 1922), Г. Пауль (1846—1921), А. Лескин (1840—1916), т. б. Францияда М. Бреаль, Швейцарияда Ф. де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г. И. Асколи, Россияда Ф. Ф. Фортунатов бастаған Москва лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды.
Бұл ағым өкілдері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің өздеріне дейінгі өкілдерін «бұлар —жорамалға толы қапырық шеберханада үнді-европалық ата тілді мүсіндеушілер» деп кекетіп, лингвистерді сол «сасык шеберхананы» тастап, жаңа жол табуға шақырғанболатын. Олардың осы қызбалықтарына, албырттықтарына қарап, неміс лингвисі Ф. Царнке оларды «жас грамматистер» деп ажуалаған еді. Осы ажуа ат бірте-бірте лингвистикалық мектептің аты болып қалыптасты.
Жас грамматистік көзқарасты калыптастырушылар Лейпциг упиверситетінің лингвистері болғандықтан, кейін ол Ленпциг лингвистикалық мектебі деп те аталды. Жас грамматистер мектебі өз зерттеулеріне екі түрлі принципті негіз етті. Оның бірі—тарихи принцип те, екіншісі — психологизм принципі. Осы себептен де жас грамматикалық бағытты кейде психологиялық салыстырмалы-тарихи тіл білімі деп те атайды.
Бұл бағыт принциптерін баяндайтын еңбектер көп. Олардың ішіндегі ең негізгілері деп Г. Остгоф пен К. Бругманның «Үнді-европа тілдерінің морфологиялық зерттеулері» (1878) дейтін кітапқа жазған алғы сөзін, Г. Паульдің «Тіл тарихының принциптері» (1880) және К. Бругман мен Б. Дельбрюктің «Үнді-европа тілдері салыстырма грамматикасының негізі» (1886—1900) атты кітаптарын атауға болады.
Жас грамматикалық бағыттық тууына тіл білімі дамуының ішкі факторлары себепші болды. XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастап компаративистік лингвистиканың жайы қанағаттанғысыз, бағыты бұлдыр, тоқырауға ұшырады деген үндер шығып, сол тоқыраушылықтан құтқаратьш жаңа бағыт іздеу басталды. Жас грамматикалық бағыт осылайша туып, көп үзамай-ақ әлемдік лингвистикадағы ғылыми ағым болып қалыптасты.
Өрісінің кеңдігі, лингвистикалық еңбектердің молдығы, ғылымның дамуына тигізген әсері жағынан XIX ғасыр мен XX ғасырдың алғашқы жартысындағы лингвистикалық ағымдардың ешқайсысы да жас грамматикалық мектепке тең келе алмайды. Бұл мектеп белсенді, беделді ғылыми ағым ретінде елу жылдан астам уақыт өмір сүрді.
Әдетте, жас грамматистер дәуірін салыстырмалы-тарихи тіл білімі дамуының екінші кезеңі деп есептейді. Өйткені бұлар өздеріне дейін қолданылып келген салыстырмалы-тарихи әдісті түбірімен өзгертуді көздеген жоқ, олар бұл әдістің кейбір ескірген, пайдасыз деген амал-тәсілдерінің орнына зерттеудің жаңа әдістерін енгізуді мақсат етті. Бұл салада олардың алғаш сынға алғаны— компаративистиканы негіздеушілердің салыстырмалы-тарихи әдісті үнді-европа тілдері тараған ата тілді (праязык) табудың құралы ретінде қолданулары болды. Жас грамматистер салыстырмалы-тарихи әдісті мұндай мақсат үшін қолдану ғылыми емес, оның мақсаты — болған-болмағаны белгісіз, ойдан шығарылған ата тілді ізден, сағым қуудың орнына үпді-европа тілдерінің ежелгі заманнан бергі үздіксіз дамуының зандылықтарын ашу дегенді айтты. Тіл тарихын зерттеу—тіл туралы ғылымының ең негізгі, бірден-бір міндеті деп жариялайды.
Олардың сынға алған екінші мәселесі — өздеріне дейінгі ғалымдардың сейлеу тіліфактілеріне жете мән бермей, өз зерттеулеріне ежелгі заманнан сақталған жазба тілді объекті етулері еді. Жас грамматистер зерттеу ісінде жазба тілден гөрі қазіргі заман тілдері фактілеріне баса көңіл бөліну керек, өйткеніқазіргізаман тілі тілдік құбылыстарды дұрыс түсінуге сенімді де мол материалдар бере алады депқарады.Бұл тұжырым олардың тілдің өзіндік мәні, сипаты жөніндегі программалық концепциясынан туған. Жас грамматистер Г. Штейнтальдың халықтық психологизміне үзілді-кесілді қарсы шығып, тілді жеке адамдардың (индивидуумның) психофизикалық, немесе психофизиологиялық әрекеттерінің жемісі деп санайды. Тілдік категориялардың барлығы да тілдік материалдар арқылы көрінетін, соны жамылған психологиялық категориялар дейді.
Бұл—олардың бүкіл концепщияларының негізі. Олар тілдегі өзгеріс, құбылыс атаулының барлығы да индивидуумның психофизикалық, психофизиологиялық құбылыстарына, яғни сөйлеу әрекеттеріне байланысты, содан тарайды, тіл білімінің міндеті өткен заманның өлі тілі, жазба тілді емес, қазіргі замандағы тірі тілді, сөйлеу тілін зерттеу, өйткені сөйлеу тілі индивидуумның психофизикалық, психофизиологиялық құбылыстарын көзбе-көз бақылап зерттеуге мүмкіндік береді, ал жазба тілде ондай мүмкіндік жоқ дейді.
Тіл білімінің қазіргі заман тілі, сейлеу тілі фактілеріне баса мән беруі дұрыс. Бірақ жас грамматистердің тілдің өзіндік мәні, сипаты жөніндегі көзқарастары — тілдің қоғамдық сипатын ескермейтін, индивидуалистік, психологиялық көзқарас.
Жас грамматистер тілді жеке адамдардық рухани жемісі дей тұра, оның қоғам мүшелері арасында қатынас құралы қызметін атқаратынын, тілдік жетістіктерді жеткізетінін бекердемейді. Тілде ұрпақтан-ұрпаққа индивидуумның рухани қасиеті мен бірге физикалық материал да бар. Тілді ғылымға объекті ететін де оның осы материалдық сипаты. Тіл білімінің теориялық тұжырымдары тілдік материалдарды жан-жақты, ұқыптылықпен талдаудан ғана туу керек, тілдік материалдармен дәлелдеуге, дұрыс-терісін тексеруге болмайтын концепцияларға тіл білімінде орын жоқ. Осы тұжырымдарына сүйене отырып, жас грамматистер фактілермен дәлелденбейтін дыбыс тілінің, грамматикалық формалардың шығуы деген сияқты проблемалар тіл білімінің қарауына жатпайды, яғни таза жорамалға, болжауға ғана сүйеніп шешілетін мәселелердің қай-қайсысы да тіл біліміне объект бола алмайды дейді. Фактіге сүйенбейтін ғылым жоқ, бірақ ғылыми абстракцияның мәнін де ескермеуге болмайды. Фактіге сүйену концепциясын бұлжытпай сақтаған жас грамматистер тілдік материалдарды мейлінше мол жинауға, оны жүйе-жүйеге сұрыптап, әрқайсысын жеке-жеке, егжей-тегжейлі, зерттеуге ерекше мән берді. Олардың бұл әрекеттері тілді элементтері бір-бірімен өзара тығыз байланысты, шарттас болып келетін жүйелі, біртұтас құрылым деп қарауға жол бермеді. Элементтер бір-біріне байланыссыз, бөлек зерттелгендіктен тіл тұтастығы бұзылып, ол қырық құрақ бірдеме болып керінді. Кейін шыққан лингвистикалық мектептер жас грамматистердің осы әдістерін атомизм деп атап, оны қатты сынға алды, мұны олардың басты бір сәтсіздігі деп көрсетті.
Жас грамматистер натуралистердің тіл дамуын екі кезеңге, тарихқа дейінгі және тарихтан кейінгі дәуір деп бөлулерін де сынға алды: Тілдің дамуында үзіліс деген болмайды, тіл биологиялық организм емес, сондықтан өзгеріс, натуралистер айтқандай өсу емес, оның дамуы, тіл — әрдайым қозғалыста болатын, үздіксіз өзгеріп отыратын тарихы құбылыс оның қай саласын болса да әрқашан тарихи тұрғыдан зерттеу керек дейді.
Бірақ жас грамматистер тілде болатын өзгеріс-құбылыстардың себебін тек қана ішкі лингвистикалық фактордан: фонетикалық заң мен аналогия заңынан ғана іздеу керек, тілдің құрылысы, функциясы оны өз-өзінен қозғалысқа келтіреді, тіл дамуы дегеніміз—оның өзіндік ішкі қозғалысы дейді. Тіл дамуына экстралингвистиканың да тигізетін әсеріне мән бермейді. Тарихи зерттеуді бірден-бір ғылымизерттеудепсанаған, ол туралы ашық пікір айтқан ғалым — жас грамматистік мектептің көпке танылған беделді теоретигі Фрейбург пен Мюнхен университетінің профессоры Герман Пауль. Пауль тіл зерттеуде қолданылатын тарихи принципті индивидуализм, психологизм принциптерімен өзінше ұштастырады. Оның пікірінше, тіл — адамның басқа да мәдени туындылары сияқты тек тарихи тұрғыдан ғана қарауды керек ететін объект. Тіл білімі дегеніміз — тіл тарихы деген сөз. Ғылыми зерттеу деп тек тарихи зерттеуді ғана айтуға болады, тарих араласпаған зерттеу— ғылыми зерттеу емес. Олай болатын себебі тіл — мәдени туынды. Мәдени туындыларға тән бір қасиет — оларда психологиялық фактордың болатындығы. Ал психикалық фактор әрдайым даму үстінде, өзгерісте болады. Ол былай деп жазады: «Мәдени қозғалыстың қандайында болса да психикалық элемент — ең мәнді фактор, бәрі де соның төңірегіне топтасады. Сондықтан психология мәдениет жөніндегі алуан түрлі ғылымдардың барлығына да ең маңызды негіз бола алады».
Тілдік элементтерді зерттегенде оның тарихына, даму жолдарын ашуға көңіл аударған дұрыс. Бірақ тарихи зерттеуден басқаның бәрін ғылыми емес деп жариялау, тілді статикалық сипаттауға мән бермеу жөн болмайды. Тіл білімі үшін тарихи зерттеу қандай қажет болса, синхрондық зерттеу де сондай қажет.
Екінші жағынан, Г. Паульдің даму принципі психологияға негізделеді. Ол тарихи дамудың бірден-бір сақтаушысы — психикалық организм, өткеннің ізі тек сонда ғана сақталады, тарихи дамуға қолайлы шарттар да осы психикалық организмде дейді. Оның пікірінше, тіл туралы ғылымның теориялық негізі де психология. Бұл— тек Г. Паульге ғана емес, жас грамматистер мектебінің басқа да өкілдеріне тән концепция.
Жас грамматистер зерттеу ісінде екі қағиданы бұлжытпай басшылыққа алуды ұсынады: оның бірі — бұлжымайтын фонетикалық заң, екіншісі—ұқсастық (аналогия) заңы. Бұл екі қағида — бұлардың негізгі программалық платформалары. Бұл екеуін жас грамматистер тілдің өзіндік ішкі заңы, тілді қозғалысқа келтіретін негізгі күш деп санады.
Оларша, әрбір этникалық топтың, әрбір халық тілінің дыбыстық құрылысында өзіндік даму заңы болады. Ол даму ешкімге, ештемеге тәуелсіз, адамдардың саналы әрекеттерінен тыс, жаратылыстық қажеттілік бойынша өз-өзінен болып жататын құбылыс. Адамдарға қатыссыз болғандықтан да, тілдің даму заңында ала-құлалық, жалпы ережеден ауытқушылық деген болмайды. Ол тұрақты, барлық дәуірде бір бағытта, бірыңғай түрде өзгереді, фонетикалық заң жалпы тіл дамуында шешуші роль атқарады. Бір дыбыстың өзгеруі бір дыбысқа әсерін тигізеді. Дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерінен болып жататын дыбыстардық физиологиялық құбылыстары бүкіл тілдік жүйені қозғалысқа келтіреді. Лингвистердің міндеті әр тілдің дыбыстық даму заңын жеке-жеке ашып, сол заңды туыстас тілдерде салыстыра зерттеу арқылы жалпы заңдылықты айқындау дегенді айтады.
Жас грамматистердің тіл дыбыстарының өзгеруінде қалыптасқан заңдылық, белгілі шек, бірізділік болады деулері дұрыс. Бірақ олар дыбыстық құбылыс атаулылардың барлығы да сөйлеу процесінде жеке индивидуумның еркінен тыс туып, содан басқаларға тарайды, дыбыстық құбылыстар тілді бүлдіріп, оның үйлесімділігін бұзады дегенді айтты. Жас грамматистердің бұл концепциялары басқа лингвистер тарапынан батыл сынға алынды.
Жас грамматистер тіл дамуында ерекше роль атқаратын екінші мәнді фактор — грамматикалық аналогия деп есептеді. Олардың пікірінше, аналогия фонетикалық заң әрекетіне қарама-қарсы бағытта қимыл жасайды. Фонетикалық заң тілдегі үйлесімділікті бұзса, аналогия оны бұзбау, сақтау бағытында әрекет етеді. Аналогия жолымен ескі форма қайта жаңарады немесе жаңа формалар жасалады дегенді айтты.
Жас грамматистердің тілдік өзіндік сипаты жөніндегі түсініктері субъективтік, индивидуалистік («Тіл индивидуумның психофизикалық әрекеті») тұрғыда бол-ғанына және тіл білімінің зерттеу объектісін тарылтып, оны тек тіл дыбыстарының өзгеру заңдылығын зерттейтін ғана ғылым еткілері келгеніне қарамастан, тіл ғылымының даму тарихына елеулі үлес қосты. Олар салыстырмалы-тарихи тіл білімінің өздеріне дейін орын алып келген көптегенкемшіліктерін дұрыс ашып, компаративистиканы жаңа, жоғары сатыға көтерді, онық зерттеу әдісін нақтылап, жетілдіре түсті,үнді-европалық ата тілдің өзі де дамудың едәуір жоғары сатысындаболғандығын, сондықтан оның дыбыс тілінің шығу төркінін ашып береалмайтынынжәнеоның жарықшақсыз біртұтас тілі болмай, өз ішінен әр түрлі диалектілерге бөлінгендігін ашып дәлелдеді. Туыстас тілдер семьялары жөнінде көптеген құнды салыстырмалы-тарихи зерттеулер берді. Натуралистік ағымның тілді табиғи организм дейтін, тіл білімін жаратылыс тану ғылымдары тобына қосатын және тіл тарихын екі кезеңге бөлетін көзқарастарының терістігін жете әшкереледі. Туыстас тілдердің дыбыстық ұқсастықтарын айқындаудың жолдарын, амал-тәсілдерін нақтылап, жетілдірді. Үнді-европа тілдеріндегі фонетикалық заңдылықтарды тілдік фактілерарқылыталдапкөрсетті. (Бұл заңдылыққа жас грамматистер шешуші мән берді. Оны бүкіл тіл білімінің қозғаушы күшіне айналдырып,тілдің дыбыстық материясы дамуының бірден-бір имманенттік формасы деп санады. Кейінгі дәуір лингвистері олардың бұл концепцияларын да сынға алды). Үнді-европа тілдерінен орасан көп нақтылы тілдік материалдар жинады. Бұл материалдар лингвистиканың практикалық саласының дамуына мұрындық болуымен қатар кейінгі дәуірлерде тіл білімінтеориялық жағынан жетілдіре түсуге, тіл білімінде бұрын болмаған, немесе тым елеусіз болып келген диалектология, лингвистикалық география, эксперименталды фонетика сияқты жаңасалалардың туып, қалыптасуына да көп септігін тигізді. Үнді-европа тілдерінің материалдары негізінде түрлі салыстырма сөздіктер, салыстырма грамматикалар жазылды. Туыстас тілдер фактілерін бір-біріне диахрондық жолмен салыстыру әдісі өзінін ең жоғары сатысына көтерілді. Осылардың бәрі жас грамматикалық кезең— салыстырмалы-тарихи тіл білімі дамуыныц ең гүлденген заманы болды деуге мүмкіндік берді.
Жас грамматикалық бағытта жетістіктермен қатар көптеген кемшіліктер де болды. Оларды топтап жинақтасақ төмендегідей болмақ:
Жас грамматистердің тілдің табиғаты жөніндегі философиялық концепцияларыдұрысболмады.Олар тілді туғызатын да, дамытатын да жеке адамдар дегенге сүйеніп, тіл білімінің теориялық негізіиндивидуумдар психологиясы, лингвистиканың міндеті — индивидуумдар тілін зерттеу деді.
Фактіге сүйену дегенді желеу етіп, ғылыми абстракцияның мәнін ескермеді, нақтылы фактілермендәлелдеуге болмайтын дыбыс тілінің шығуы, оның алғашқы дәуірдегі сипаты сияқтымәселелердітіл білімінің объектісі емес деп жариялады.
Тілдің құрамдық бөлшектерін бір-біріне байланыссыз жеке-жеке талдаушылыққа бой ұрды. Бұл тілдің элементтерін бір-бірімен тығыз байланыста тұратын біртұтас жүйе деп тануға кедергі болды.
Лингвистикалық талдау — сөйлеу тілі фактілеріне сүйену керек деген қағиданы берікұстап,жазба тіл дәстүріне жеткілікті мән берілмеді.
Барлық назар туыстас тілдер фактілерін өзара салыстыра зерттеуге аударылды да, туыстас емес тілдердің бір-біріне тигізетін әсеріне, тілдік контакт мәселесіне жеткілікті көңіл аударылмады.
Тілдің өзіндік ішкі даму заңына, фонетикалық заң мен аналогияға шешуші мән беріп, тілдік құбылыстарға экстралингвистикалық жайттардыңтигізетін әсерлерін ескерусіз қалдырды.
Зерттеу істерінде бір ғана диахрондық, индуктивтік әдістерге сүйенді де, синхрондық, дедуктивтік әдістерге жөнді мән бермеді, ондай зерттеулердіғылыми емес деп санады.
Жас грамматикалық бағыттың осындай олқылықтары XIX ғасырдың соңғы он жылынан бастап айқын байқалды. Олардың концепциясына наразы пікірлер, жаңаша бағыт-бағдар іздеушілер әр жерде, әр елде бой көрсете бастады. Тіл білімі жас грамматикалық концепцияларға қарсы күресу, зерттеудің жаңа жолын іздеу үстінде XX ғасырдың есігін ашты.
Достарыңызбен бөлісу: |