Топырақ планетарлық қабаттардың (литосфера, атмосфера, гидросфера) шекарасында жайғасып, солардың бір-бірінің арақатынасынан дамып, геосфераның ерекше қабығы педосфераны, яғни Жердің топырақ жамылғысын түзеді



бет1/7
Дата26.11.2022
өлшемі81,14 Kb.
#52789
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Kozhakhmet Bekseit


Жоспар
Кіріспе......................................................................................................................3
Негізгі бөлім............................................................................................................5
2.1. Топырақ түзілу процесіне жалпы сипаттама................................................5
2.2. Топырақ түзуші негізгі факторлар................................................................8
2.3. Топырақ түзуші факторлардың топырақ түзуге әсерлер..........................10
Қорытынды............................................................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................15

Кіріспе
Топырақ планетарлық қабаттардың (литосфера, атмосфера, гидросфера) шекарасында жайғасып, солардың бір-бірінің арақатынасынан дамып, геосфераның ерекше қабығы педосфераны, яғни Жердің топырақ жамылғысын түзеді. Сонымен бірге топырақ жер шарының тіршілік дамыған аймағы - биосфераның негізгі компоненті. Топырақтың табиғаттағы рөлі өте зор. Ол жер бетінде тіршіліктің дамуына қолайлы орта. Топырақ арқылы жер бетінде заттардың үздіксіз үлкен геологиялық және кіші биологиялық айналымы өтеді. Биологиялық кіші зат айналымы кезінде, ең алдымен, аналық тау жынысынан кейін топырақтан өсімдіктермен қоректік элементтер алынады. Олардан суға ерімейтін күрделі органикалық қосылыстар түзіледі. Әр жылы өсімдіктерден қурап түскен органикалық қалдықтардан қоректік элементтер бірге түсіп, топыраққа қайтып оралады. Биологиялық кіші зат айналымның негізгі нәтижесі - қоректік элементтердің топырақтың жоғары тамырлы қабатында шоғырлануы, құнарлы топырақтың түзілуі. Ал геологиялық үлкен заттар айналымы жер қойнауындағы және жер бетіндегі тау жыныстарының өзгеруі мен қозғалуын қамтиды. Құрылық пен теңіз арасындағы геологиялық үлкен зат айналымы нәтижесінде борпылдақ үгілу қабаты құралады, топырақтың түзілу процесінің негізі қаланады. Жер бетіндегі осы екі айналымның арасындағы байланыс топырақ арқылы өтеді. Ал осы топырақты зерттейтін ғылымды топырақтану деп атайды.
Топырақтану - топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттері және географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым.
Топырақтану ғылымының қалыптасуы орыстың аса дарынды табиғаттанушы ғалымы В.В.Докучаевтың (1846-1903) есімімен тығыз байланысты. 1879 жылы Санкт-Петербургте болған табиғат зерттеушілері қоғамының геология және минералогия бөлімінің мәжілісінде В.В.Докучаев баяндама жасап, топыраққа бірнеше жаңа анықтама берді. Кейін бұл пікірлер әрі қарай дамытылып, жетілдіріле түсті. Оның Петербургте басылып шыққан «Орыстың қара топырағы» (1883 ж.) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар,ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Оның теориясы бойынша «Топырақ» деп тау жыныстарын қандай да болмасын сыртқы су, ауа және тірі организмдердің әсерінен табиғи өзгерген горизонттарын атау керек.

3

Докучаевтан кейін П.Сибирцевте анықтама берді (1902 жылы). Ол бойынша табиғи топырақ тау жыныстарының беткі горизонттарында жалпы жылжымалы тау құбылыстарының организмдер әсерінен немесе биосфера элементтерімен байланысты құбылыстар арқылы жаралған.


Жалпы топырақтану ғылымынң даму тарихында еңюек сіңірген ғалымдар көп болды. Олардың қатарына к.Глинка, С.Нестрев, А.Безсонов, В.Ковда, Л.Розов, И.Тюрин тағы басқа да ғалымдар еңбек сіңірді.
Топырақтану ғылымының даму тарихы 4 кезеңді қамтиды.


4



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет