ТОПЫРАҚ ТҮЗІЛУ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
Топырақ түзілу процесі
Топырақ- табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене.
Бір кездерде жер беті қазіргі ай планетасының ландшафты
сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз, тіршіліксіз тып-
типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы
бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау
жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз
үгілу құбылыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының
үстіне топырақ түзіле алмайды. Топырақтың Түзілу үшін, ең
алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті
тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз
әсерінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға
айналды.