Kasymov [7 жыл бұрын соңғы рет өңдеді]
қоғамдық қарым-қатынастардың дамуына байланысты топырақты пайдалану және
оны қайта құру күшейе түсуде.
Соңғы онжылдықтар барысында анықталғандай, топырақтүзілу факторларының
өзара әрекеттесуі заттың зор массасын қозғалысқа әкеледі. Тау жыныстары мен тірі
ағзалардың әрекеттесуінің нәтижесінде өзіндік зат алмасу - химиялық элементтердің
заңды түрде таралуы жүреді. Дәл сондай құбылыс тірі организмдер –
атмосфера
, тау
жыныстары – түскен атмосфералық су, т.с.с. жүйелерде де жүреді. Топырақта бұл
үрдістер ерекше кернеулі жүреді, өйткені топырақтүзілудің барлық факторлары бірдей
бір мезгілде қатысады. Басында химиялық элементтердің қозғалысы белгілі
мөлшердегі тұйық айналымшеңберлер (кругооборот) түрінде жүреді деп болжанған.
Кейінірек топырақтағы заттың айналымы көптүрлі, ал негізгі мәнге миграцияның
тұйықталмаған циклдері ие екені анықталған. Топырақтүзілу кезінде өтетін миграция
үрдістері өз кезегінде бүкіл биосфераны қамтитын жалпыпланетарлық циклдерге
кіреді.
Топырақ – бұл құрлық бетіндегі химиялық элементтердің циклдік миграциясы,
ландшафт компоненттерінің арасындағы зат алмасуы үрдістері жоғары кернеу
дәрежесіне жететін ерекше табиғи түзілім. Топырақта заттың жіті таралуымен бір
мезгілде күн энергиясы трансформацияланады (күйін өзгертеді) және жиналады
(аккумуляцияланады).
«
https://kk.wikipedia.org/w/index.php?
title=Топырақ_түзуші_факторлар&oldid=22474
20
» бетінен алынған
Қорытынды