Топырақты зерттеуге арналған құрал-жабдықтар



Дата17.03.2022
өлшемі14,51 Kb.
#28280
Байланысты:
реф

Топырақты зерттеуге арналған құрал-жабдықтар


Топырақтың түсін анықтау аса қиындық тудырмайды. Н.А. Сабаниннің пікірі бойынша, топырақта ашық жасылдан қара түске дейін, одан ақ түсті де кездестіруге болады. Ал батпақты топырақта жаңадан алынған топырақ кесіндісінен ашық жасыл және көк түстерді д көруге болады.Топырақ типтері оның түсіне байланысты айтылады: күлгін топырақтар, қара топырақтар, сұр топырақтар, қызыл топырақтар және т.б.

Топырақтың құрылымы деп оның тығыздығының және кеуектілігінің сырт көрінісін атайды. Топырақтың тығыздығы далалық жағдайда оны өңдеуші құралдарға тигізетін теріс әсерімен анықталады. Топырақ құрылымын бос (пышақ, күрек жеңіл кіреді), тығызданған (аталған құралдар біраз күш салғанда кіреді), тығыз (құралдар күшпен кіреді) құрылымдар деп бөледі. Топырақтың кеуектілігін мөлшеріне, құрылымаралық жарықтардың еніне қарай анықтайды. Ұсақ қуысты құрылымда топырақ қуысының диаметрі 1,0мм-ден кем, қуысты құрылымда қуыстар ірі, тар жарықты құрылымда жарықтың ені 3,0мм-ден кем, жарықты құрылымда ол 3,0мм-ден артық болады.

Топырақтар мен жер қыртысының тығыздығын нақты экспресс - анықтау үшін далалық
жағдайларда ылғал өлшегіш - тығыздық өлшегіш пайдаланылады. 4-тен бастап 40%-ға дейінгі
табиғи ылғалдықта жер қыртысы тығыздылығының 1,0-ден бастап, 2,4 текше грамм/сантиметр
дейінгі өлшеу ауқымына ие. Өлшеу дәлдігі ±0,02 текше грамм/сантиметр қателік ауқымында.
GPS навигаторы (Global Positioning System) нысандардың координаттарын анықтау,
түсірілімдер кезінде топырақ сынамаларын алу нүктелерін жоспарлы байланыстыру,
нысандардың арасындағы қашықтықты бағдарлау мен анықтау мақсатында пайдаланылады.
Үлкен алаңдарда тұзды түсірілімдерді орындау үшін аппаратуралық-бағдарламалық
кешендер пайдаланылады. Мұндай кешендер әрекетінің қағидасы механикалық құрамы әртүрлі
топырақтардың электр өткізгіштігін тікелей электрлі тексеру мен дипольді электрлі магнитті
профильдеудің қашықтықты әдісімен анықтауға негізделген.
Бұрғылау мен топырақ үлгілерін алу үшін топырақ қол бұрғылары пайдаланылады.
Бұрғының негізгі сипаттары – сынамаалғыштың диаметрі 70 миллиметрге дейін, сынама-
ларды алу тереңдігі 0,2-ден бастап, 3,0 метрге дейін, алынатын бір сынаманың салмағы –
кемінде 200 грамм.

Топырақтардың сортаңдану дәрежесін нақты анықтау үшін кондуктометрлер (тұз


өлшеуіштер) қолданылады. Құрал нұсқасының техникалық сипаттары: өлшеу ауқымы 1-ден
бастап 1999,0 текше миллиграмм/дециметрге дейін, ажыратымдылығы 1,0 текше миллиграмм/
дециметр, температуралардың жұмыс ауқымы 0 бастап, +50

С дейінгі шамада.

Стационарлық алаңдарда тұзды түсірілімдерді жүргізу барысында топырақтар мен

жер қыртысының сулы-физикалық қасиеттеріне зерттеу жүргізу үшін әмбебап далалық зерт-


ханалар пайдаланылады, олар сол жерде далалық ылғалды, құрылым тығыздығын, сүзгіштік
сипаттар мен басқа көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет