а) бір мектепке неше тәсілмен жіберуге болады?
в) 4 мектепке неше тәсілмен жіберуге болады?
Күніне 1 алма немесе 1 алмұрт беру арқылы 2 алма мен 3 алмұртты неше тәсілмен беруге болады?
Мекеме бір мамандық бойынша 4 әйелді, екінші мамандық бойынша 6 еркекті, үшінші мамандық бойынша 3 адамды жынысына байланыссыз жұмысқа ала алады. 6 әйел мен 8 еркек жұмыс орындарын неше тәсілмен толтыра алады?
12 қабатты үйдегі лифтіге отырған 3 адамның екеуі лифтіден бір қабатта, ал қалған біреуі басқа қабатта шығатындай неше тәсіл болады?
9 адамның кем дегенде екеуінен тұратын әртүрлі неше топ құруға болады?
20 адамды 3 адамнан, 5 адамнан және 12 адамнан тұратын 3 топқа неше тәсілмен бөлуге болады?
Топтағы 10 студенттің екеуі үздік оқиды. Үздік оқитын студенттер міндетті қатысатын жарысқа 5 студенттен тұратын әртүрлі неше команда құруға болады?
3, 5, 7, 11, 13, 17 сандарынан тұратын:
а) неше дұрыс бөлшек құруға болады?
в) әртүрлі сандардан құрылған неше жай бөлшек құруға болады?
2154 және 37893969 сандарының цифрларының орындарын ауыстыру арқылы неше сан құруға болады?