Топтық жұмыс: ұйымдастыру, ұсыныстар мен нәтиже Басанова Ақманат Серікқызы



бет2/4
Дата07.01.2022
өлшемі23 Kb.
#18002
1   2   3   4
Байланысты:
ТОПТЫК ЖУМЫС макала

Ең бірінші талап топты дұрыс жасақтау. Ол үшін оқушылар ұжымы толығымен зерттеледі. Әсіресе, оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін және тұлғааралық қарым-қатынас сипатын ескеру өте маңызды. Психологияда тұлғааралық және топаралық қарым-қатынасты (өзгерту, жақсарту, жетілдіру) диагностикалау мақсатында «социометрия» қолданылады. Оның көмегімен топ мүшелерінің әлеуметтік типологиялық ерекшеліктерін, яғни, кімнің көшбасшы, қалаулы, аутсайдер, қабылданбағанын, әлеуметтік-психологиялық сәйкестігін, олардың арасындағы тұлғааралық қарым-қатынасты, оқушылардың зияткерлік, эмоциялық, күш-жігер мен уәж салаларын анықтауға болады.

Сыныптың психологиялық-педагогикалық сипаттамасын мына кесте негізінде жасауға болады:





Оқушының аты-жөні

Жасы

Темперамент

Әлеуметтік-психологиялық мінездеме

Оқуға икемділігі

Қабылдаудың жетекші каналы





















Оқушыларды зерттегеннен кейін келесі кезекте топты жасақтау амалдары тұрады. Педагогикада топты жасақтаудың кездейсоқ және жоспарлы амалдары бар. Алғашқы амалда, атауынан-ақ белгілі, оқушылар топқа кездейсоқ жасақталады. Ол – өзіміз қолданып жүрген реттік санау, геометриялық пішіндер, түстер, суреттер т. б. бойынша жасақтау. Біз топты жасақтаудың осы түрін жиі пайдаланамыз. Меніңше, бұдан гөрі топты жоспарлы жасақтаудың берері көбірек. Мұғалім өзінің өлшемдеріне (қабілетіне, темпераментіне, достық, сыйластықтарына, т. б.) сәйкес оқушылар тобын анықтайды.

Жоғарыдағы кесте негізінде оқушылардың бір типті (гомогенді) немесе көп типті (гетерогенді) тобын жасақтауға болады. Мысалы, холерик пен меланхоликті, сангвиник пен флегматикті бір-біріне жақын жұптар. Осындай ішкі үндестіктің осы темпераменттерді бірге тәрбиелеуге және оқытуға мүмкіндік беретінін ескеріп, бір типті немесе көп типті топтарды біріктіруге болады.

Қабылдаудың жетекші каналына сәйкес тапсырмаға байланысты визуалдарды, аудиалдарды, кинестетиктерді бірыңғай бір топ етуге немесе барлық топта барлық оқушының болуын жоспарлауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет