Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасы
Кіріспе Кілем туралы мәлімет Кілем— әсемдік үшін, сондай-ақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланылатын түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған бұйым. Кілем бір немесе бірнеше қабатты, түкті немесе тықыр болып келеді. Түкті кілем бірнеше қабаттан тұрады. Мұндай кілемнің негізі және арқауы жекеленген жіптерден, бірақ бір-біріне тығыз орналасқан түйіндерден тұрады. Жіптердің ұшы біркелкі қырқылғаннан кейін пайда болатын қалың түк мұндай түйіндерді көрсетпей жауып тұрады. Түктің ұзындығы 3 мм-ден 18 мм-ге дейін болады. Ол кілемнің қалыңдығын, мықтылығын арттырумен бірге оны жеңіл (барқыт тәрізді үлпілдек) етіп көрсетеді. Тықыр кілем (кілем, палас, сумаха, шпалер, терме алаша және т.б.) бір өріс жібінен бір қабатты екі жақты тығыз етіп тоқылады. Түгі қырқылмаған (түз ақшалы), кейде түгінің жартысы қырқылып, жартысы қырқылмаған аралас кілемдер де шығарылады. Сонымен қатар тоқыма емес (түгі тігілмелі, шыбықшалы, желімді кілемдер), түскиіз, ою-өрнек салынған тері кестелі өрме кілемдер де болады. Дайындалу тәсіліне қарай кілемдердің қолдан және машинамен тоқылған түрлері болады. Қолдан тоқылған кілем тоқыма станоктарында өндіріледі. Өте берік келеді, күтіп ұстағанда ондаған жылдар бойы, кейде жүз жылдан астам уақыт пайдалануға болады. Қолдан тоқылған түкті кілемді тоқуға жүн (қой, ешкі, түйе жүні), мақта-мата, жібек, зығыр, кендір жіптері пайдаланылады. Қолмен тоқылатын кілемнің түгі ор түрлі бояулы жіптерді әрбір екі өріс жібіне шалу арқылы жасалады. Майда өрнек қажет болғанда бір ғана өріс жібіне түйіледі. Олар көбіне қос шалымды, кейде бір жарым шалымды тұзақша түрінде болады да, ұшы бетіне шығарылып, қырқылып тасталады. Бірыңғай қатар жатқан тұзақшалардан кейін арқау жібін жүргізіп, алдыңғыларына қарай тарақпен нығыздай қағып отырады. Түк үшін жүннен иірілген жіп (кейде жібек жіп), ал өріс және арқау үшін мақта жіп қолданылады. Көбіне ұсақ өрнек жасау үшін өрістік мақта жіп жіңішке жібек жіппен алмастырылады.
Кілем тоқу халықтың өте ертеден келе жатқан қол өнері. Қолдан тоқылған ең бағалы кілемдер КСРО, Иран, Франция, Үндістан, Қытай, Болгария, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Польша, Ауғанстан, Түркияда шығарылады, КСРО-да қолдан тоқылған ең жақсы кілемдер негізінен РКФСР (Дағыстан АССР-і), Түркменстан, Азербайжан, Грузия, Армення және Қазақстанда шығарылады. Әр халықтың, әр елдің қалыптасқан дәстүр ерекшелігіне қарай кілемнің түр-түсті, ою-өрнегі, оны дайындау тәсілі әртүрлі болып келеді. Сондықтан да кілемдер тоқылған жердің немесе халықтың, тайпаның атымен аталады. Түрікмен кілемдері «ушан», «құла» кілемі, «пенди», «гауһар», «иомуд», «бешир» т. б. деп аталады. Негізінен түсі қызыл, геометриялық түзу сызықты өрнектермен әсемделеді.
Кавказ кілемдері «куба», «шируан», «хила», «қазақ», «карабах», «дербент», «микрах», «ахты» т. б. деп аталады. Түрі қызыл, көк, көгілдір, алқызыл, сары, ақшыл түсті болып келеді. Ою-өрнек ретінде гүл, жапырақ, құс, жан-жануарлар бейнесі қолданылады.
Қытай кілемдерінде әртүрлі түстегі балық, жан-жануарлар, мифтік құбыжықтар, айдаһарлар т. б. бейнеленеді. Сондай-ақ лотос, таушымылдық гүлдері өрнектелген кілемдер де кездеседі. Олардың ортасы ою-өрнексіз көбінесе сары, қошқыл көк, алқызыл түсті болып келеді. Тағы бір ерекшелігі — оның түгі кілемдегі ою-өрнекті аша түсетін ыңғаймен ұзынды-қысқалы болып қырқылады. Ою-өрнек түгінің қысқа қырқылуы кілем түрінің Әдемілігін арттыра түседі.
Түрік кілемдері «анатоль», «анкара», «смирна», «бергамо», «брусеа», «ушак» т. б. деп аталады. Гүлді (парсы көлемдеріне қарағанда бір жүйеге түсірілген) және ою-өрнекті болып келеді.
Француз кілемдері «савонарри», «обюссон» типіндегі кілемдерде гүл салынған ою-өрнекті суреттер басымдау болады.
Қазақ кілемдері тоқылу ерекшелігіне қарай — түкті және тықыр; материалына қарай — жібек, масаты, қалы; шығаратын жеріне қарай — Қызылорда, Алматы, Жамбыл; ру үлгілеріне қарай — Адай, Керей, Қоңырат, Үйсін; сондай-ақ қосалқы белгілеріне қарай — шашақты, оқалы кілемдер болып бөлінеді. Қазақ кілемдері түркі тектес халықтар көлемдерінің қазіргі үлгілеріне өте ұқсас.
Негізінен қызыл, қаракөк, сары, күлгін, аспанкөк түстерді қолдану арқылы түрлі ою-өрнектер табиғат көріністерімен ұштастыра бейнеленеді. Қазақстанның оңтүстігінде түкті және тықыр кілемдерді қолдан тоқу дамыған. Олардың негізгі өрнектері — «күмбез», ал жиектерінде текшелі өрнектері «қорған» деп аталып, оны бойлай күлгін түсті «су» өрнегі жүргізіледі. Бұл зәулім күмбезді, тас қамалды, қорғанын қуалай су жүргізілген қалайы елестетеді. Ою-өрнектерді белгілі мазмұнға құру текемет , сырмақ өрнектерінен де байқалады. Кейде ортаңғы гүл-күмбездердің орнына түлкі ілген бүркіт, жан-жануар немесе табиғат көрінісі т. б. бейнеленеді. Геометриялық өрнектер өте басым. Қазақ кілемдеріндегі айшықты ою-өрнек әсері басқа халықтар кілемдерінен де байқалады. Мәселен, кавказ көлемдерінің бірі «қазақ» деп аталады.
1936 жылдан бері ұлттық үлгілерге жаңа мазмұн беруді көздейтін Алматы кілем тоқу фабрикасы жұмыс істейді. Мұнда кілем қолмен де, машинамен де тоқылады. Фабрика әртүрлі мерекелерге арналған, сондай-ақ ұлы адамдардың, көрнекті жазушы, қоғам қайраткерлерінің, мүшелтой иелерінің суреті салынған кілемдер де шығарады. Ал төсеніш, дастарқан т. б. ретінде пайдаланылатын кілемдер республиканың кейбір облыс орталықтарына шығарылады. Машинамен тоқылатын кілемдер сыртқы түрі мен ою-өрнегі жағынан қолдан тоқылған кілемдерден көп өзгешелігі болмаса да беріктігі мен төзімділік жағынан олардан төмендеу. Қолдан тоқылған кілем ұлттық ою-өрнек пен колоритгі ұштастыра пайдаланған өте сапалы бұйым болып саналады. Машинамен тоқылатын кілемдер негізіне табиғи жіптермен қатар синтетикалық жасанды талшықтар, жүн тәріздес жіптер, химиялық пленка жіптер де пайдаланылады. Кілем тоқылатын жіптің құрылымын зерттеу нәтижесі химия мамандарына өте төзімді полимер материалдарды ойлап табуға мүмкіндік берді. Олар жуан, жіңішке, созылмалы, жеңіл, нәзік, ширақ және ақшыл болып келеді. Түсін жоғалтпау жағынан полиакрилонтрильді талшықты жүннен әлдеқайда төзімді. Машинамен тоқылатын кілемдер түгі тігілмелі тафтинг, тоқымалы, трикотаж, тоқыма-тігілмелі, шыбықшалы киіз, флоки- ровты кілемдерге бөлінеді. Тоқыма кілемдер механикалық тоқу станогында бір түсті немесе әр түрлі түсті болып шығарылады, құрылымы жағынан кілемді көп қабатты мата деуге болады. Түгі тігілмелі тафтині - негізгі тоқымалы, трикотаж, тоқыма-тігілмелі кілемдер жоғары жылдамдықты көп инелі машиналармен тоқылады. Кілем негізі өріс жібінен, астыңғы матадан және латексті астарлан тұрады.
Шыбықшалы киіз. Кілемдер көп қабатты холст тәріздес болып келеді. Флокировты кілемдерді астыңғы материалға химиялық талшықтардан жасалған қысқа түктерді жапсыру арқылы электр өрісінде өндіреді.
Кілемнің көлемі, өрнегі және түр-түсі бөлмені интерьеріне сай (қабырғаның түсі, мебель, портьер т. б. қабы) болғаны дұрыс. Кілемді күту. Кілемді ұқыпты күтіп ұстаған жағдайда ұзақ уақыт пайдалануға болады. Кіре беріске, аяқ астына, дәлізге, холл, вестибюль, баспалдақ, т. б. адамдар көбірек жүретін орындарға төселген көлемдер тез тозады. Сондықтан да оның үстіне жіңішкеле у кенеп мата немесе басқадай материалдар төсеген жөн. Егер бүктелетін кілем болса оның жиегіне іш жағынан кішілеу кенеп қалташалар тігіл, оған жалпақтау металл табақшалар қоятын болса кілемге жиналатын электр-статикалык зарядтар мөлшері азаяды.
Кілемнің тозбауы және әдемілігі мен қылдақтығын арттыру үшін оның астына киіз немесе жұмсақ резеңке салады. Еденге төселетін кілемнің орнын ауыстырыл отырған жөн.Кілемді төсер алдында еденнің кірін кетіріп, шаңын сүртіл әбден құрғату керек. Төсеген кезде кілемнің жиырылып, бүктеліп қалмауын қадағалау қажет. Тоқыма кілемдерді қатты сыпырғышпен немесе шаңсорғышпен аптасына бір рет тазалайды. Қатты щеткаларды пайдаланбаған жөн. Түгіне қарсы тазалау ға да болмайды.Кілемді жұмсақ, иілгіш заттармен қаққан дұрыс. Оны ағаш қорғанға немесе кір жаятын арқанға іліп қағуға болмайды, мұндай жағдайда кілемнің арқау жіптері зақымданады. Қағылған кілемніқ екі жағынан бірдей сыпырғышпен сүрту керек. Қысты күндері кілемнің түкті жағын үстіне қаратып қар салып тазалаған тиімді. Майысқақ шыбықпен немесе тал сыпырғышиен бірнеше рет орнын ауыстырып таза қардың үстінде әбден тазарғанша қағу керек. Таза жүннен қолдан және машинамен тоқылған кілемдерге қаракүйе мен кілем қоңызы түседі. Олар кілемнің боялған түгін (жасыл түсті кілемдерге түспейді) бүлдіреді. Санитарлық талапқа сай емес дымқыл, шаң басқан және уақытында кептіріліп, желдетілмеген орындарға, кілемнің тазаланбаған бөліктеріне кілем қоңызы, қаракүйе (личинкалары 12 ай шамасында өмір сүреді) түседі. Жүннен тоқылған кілемдерді жазда алдын-ала кептіріп, сосын шиыршықтап бүктен алып қойған жөн.Тазаланып, келтірілген кілемге нафталин себу керек немесе бүктеген кезде арасына қашықтығын бірдей етіп нафталин салынған дорбашалар (нафталин таблеткалары), «молебой» таблеткаларын салған дұрыс. Кілемді сақтау үшін оны мүмкіндігінше тығыздан бүктеп, сыртынан газет қағазымен орай полиэтилен қапшыққа салып қояды. Кілемді кемінде жылына бір рет «Аэроантимоль», «Супромит сұйықтықтарымен немесе «супрозоль» аэрозольды препаратымен профилактикалық өңдеуден өткізіп отыру керек.
Бұл заттар қара күйені және кілем қоңызының личинкаларын өлтіреді. Жүн тәріздес синтетикалық жіптерден жасалған кілемдер жоғары гигиеналық қасиеттерімен ерекшеленеді әрі шаңсорғышпен жақсы тазаланады. Синтетикалық кілемдердің түкті жағына түскен дақты бірден сумен сүртіл тастаса оңай кетеді. Тұрыңқырап қалған дақты тұрмыс қажетін өтеу комбинатында химиялық тазалау жолымен кетіреді, мұнда көлемді керіп-созуға да болады. Тазаламас бұрын кілем түгіндегі бояулық беріктігін тексерген жөн. Ол үшін ақ матаны алдын-ала дайындалған қоспаға батырыл алып кілемнің елеусіздеу бүрышын тазалап көреді. Егер бояу жұқнаса, оны тұтастай тазалай беру керек. Бояуы шығатын кілемдерге мұндай препараттарды пайдалануға болмайды.[1]