Төрехан Ұлжан Ғылыми жетекшісі: ж.ғ. м аға оқытушысы Изтелеу Б. М., Х.ғ. к., аға оқытушы Кудайбергенова Г. Н



бет2/3
Дата03.12.2022
өлшемі20,79 Kb.
#54632
1   2   3
Байланысты:
польшаиқаз

Тәжирибиелік бөлім
Польшаның білім беру жүйесі мен Қазақстанның білім беру жүйесі.

  1. Тәрбиенің бірінші сатысы – мектепке дейінгі тәрбие. Бұл білім 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға, қаласа, мектепке баратын 6 жастағы балаларға арналған. Балалардың 3-5 жас аралығында балабақшаларға баруы міндетті емес болғанымен, 6 жаста әр бала мектеп алды даярлықтың жылдық бағдарламасы бойынша балабақшаларда тәрбиеленеді.Бұл кезеңнен өтпей бала мектепке бара алмайды. Балабақшалар жекеменшік және мемлекеттік болады.Жекеменшік балабақшалар баланың көп болуымен,балалар тобының көп болуымен ерекшеленеді.

Қазақстанда да Польшаға ұқсас. Қазақстан Республикасының Білім Заңының Білім беру мазмұны атты 4 тарауының, 15 ші бабында мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік жалпыға негізделгені атап өтілген.

  1. Білім берудің екінші сатысы – орта білім.

Негізгі мектепті Оқу мерзімі 6 жыл. Оқудың алғашқы 3 жылында сабақтарды интерактивті оқыту әдістерін қолдана отырып, негізгі білім беретін мұғалім жүргізеді. 1 сыныпта сабақтар аптасына15 сағатты құраса, 2-3 сыныпта 17-18 сағатты құрайды
. Төртіншіден алтыншы сыныпқа дейін оқушыларға сынып жетекшісінің жетекшілігімен мұғалімдер – мамандар сабақ береді. Алтыншы сыныптан кейін барлық оқушылар Орталық емтихан комиссиясы ұйымдастырған орталықтандырылған тестілеуден өтеді.
Ал Қазақстандағы орта білім берудің мерзімі 9 жыл. Себебі бастауыш 4 жыл, жалпыға міндетті орта білім беру 5 жылды құрайды. Жалпы білім беру ұйымдарында1-сыныптағы сабақ ұзақтығы 35 минут, 2–4-сыныптарда 45 минутты құрайды. Бастауыш сыныптарда қосарланған сабақ өткізуге рұқсат етілмейді.Бастауыш білім беру деңгейінде сыныптағы оқушы саны 20-дан аспауы керек.

Польшадағы міндетті орта білім берудің келесі кезеңі – гимназия. Гимназияда оқушылар 13-16 жас аралығында оқиды. Мектептен кейінгі сияқты жоғары сынып оқушылары оқуын аяқтаған кезде үш бөліктен тұратын бір емтихан тапсырады. Әрбір бөлік гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары және тілдер сияқты белгілі бір білім саласына жауап береді.


Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Зақында тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп,оның мәртебесі, құқықтық негізі айқындалды. Қазақстанда бұл жүйе 10 сыныптан кейін басталады. Яғни оқушыларды өздерінің ынтасына,қызығушылығына қарай гуминатарлық, жаратылыстану бағыттарына бөледі. Бұл тұстағы айырмашылығы бізде тілдер бағыты жоқ, себебі біз оны гуманитар бағытына жатқызамыз.

Польшадағы міндетті орта білім берудің келесі кезеңі лицейлер мен техникумдар болып табылады. Бұл кезеңде 17-19 жасқа толған жасөспірімдер оқиды. Әдетте, оқу мерзімі оқу бағытына және оқу орнының профиліне байланысты, жалпы жағдайда 3 жыл. Сондықтан Польшадағы орта білімнің аяқталуы Қазақстандағыдай емес 20 жаста ғана болады. Қазақстанда орта білімнің аяқталуы 17-18 жаста болады. Бірақ кейде Қазақстанда негізгі білім алғаннан кейін студенттер келесі кезеңге – жоғары оқу орындарына асықпай, орта арнаулы білім алу үшін техникумдарға түседі. Бірақ бұл оқу орындары Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру орындары, және колледждер деп аталады. Осыған байланысыт. Қазақстан Республикасының Білім Заңының Білім беру мазмұны атты 4 тарауының, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы атты 17 ші бабында былай делінген


1.Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім беру деңгейінің құрамдас бөлігі болып табылады және білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарды даярлауға бағытталған.
2. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары мазмұнына және білім алушылардың даярлық деңгейіне қарай мынадай болып бөлінеді:


  1. білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары.\

  2. орта буын мамандарын даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары

Бір қызығы, Қазақстанда орта арнаулы білім беру бағдарламасына 9-сыныптан кейін де, 11-сыныптан кейін де түсуге болады.

3.Білім берудің үшінші сатысы – жоғары білім.



Қазіргі уақытта Польшада 450-ге жуық университет бар, оның 230-ы мемлекеттік университеттер. Жоғары білім беру жүйесі екі деңгейге бөлінеді: бакалавриат және магистратура. Егер оқу процесінің уақыт шеңберін қарастыратын болсақ, онда бакалавриат деңгейі Польшада 3 жыл, ал Қазақстанда 4 жыл. Магистратурада олар бір уақытта оқиды - 2 жыл. Білімді өз мемлекетінің азаматтары да, шетелдіктер де ала алады.
Қазақстанда қазіргі уақытта 148 жоғарғы оқу орны,оның 9 ұлттық, 2 халықаралық,32 мемлекеттік,9 жекеменшік,12 азаматтық емес,16 акционерленген. Онда 595 мыңнан астам студент білім алады.Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім
Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет