Торғай өлкесінің климаты және ішкі сулары ТХ-21 Уразгалиев Нурсултан Климаты. климаты шұғыл континентті климат типіне жатады. Қоңыржай белдеуде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай континент арта түседі. Жылдық жауын-шышын мөлшері солтүстігінде 300 мм, оңтүстігінде 200 мм аралығында. Қыста қар жамылғысының орташа қалыңдығы -25-30 см. Ең жылы айы –шілде, орташа температурасы +20 -22C, ең жоғарғы температурасы +43C ( Торғай). Ең суық айы-қаңтар, орташа температурасы -16 -17C, ең төмен температурасы -45C. Өлкенің ішкі сулары
Қарастырып отырған аймақ Шалқар ойпатының (Шалқар-Теңіз) тұйық алабына жатады. Аудан территориясында шамамен 9669 су ағыны тіркелген, ал олардың ұзындығы 52833км құрайды. Ұзындығы 10 км асатын ағындылар саны 696. Өзендердің жиілігі 100 кв км-ге 6-7 км ағынды сәйкес келеді. Аймақтың өзендер жүйесі Торғай және Ұлы Жыланшық өзендерінің алабына жатады. Шалқар-Теңіз алабындағы өзен- Торғай өзені Ұзындығы — 825 км. Су жинау алабы — 157 мың км2.Қостанай облысындағыЖалдама және Қараторғай өзендері қосылған жерден басталып, Ақтөбе облысындағыҚаракөл көліне 8 км жетпей тартылып қалады
Гидрологиясы Аңғары өзен басынан Торғай ауылына дейін кең, ені — 40—60 км, жиегі жайпақ, жайьлмасы тегіс, одан ені — 10— 60 м бірнеше өзектер тарап, терендігі 2-6 м қарасулар пайда болады. Арнасының ені 45—100 м, Торғай аулынан төменгі сағасына дейінгі өзен аңғары (ені — 5—10 км) Тосын құмы өңірінде, бірте-бірте жайылмасы 0,5—1,5 км-ге, ал арнасы 40 м-ге дейін тарылады Ірі салалары: Ырғыз, Сарыторғай, Қайыңды, Өлкейек, Қараторғай, Жалдама. Жауын-шашын, ыза суынан толысады
Жылдық орташа су шығыны Тосын құмы тұсында секундына 10,6 м3. Торғай өзеніне құятын, не одан тарайтын ағыңды өзендердің болуы және көптеген терең иірім қарасулардағы мол су қоры мал шаруашылығын, балық аулау кәсібін дамытуға қолайлы. Өзен жайылмасы шабындық, мал жайылымы. Соңғы кезде Торғай өңіріндегі өзендер суы өнеркәсіптік мақсатта, егін суаруға пайдаланыла бастады