Тоқсан №1. «Жаһандық мәселе: демография» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет1/3
Дата24.04.2023
өлшемі18 Kb.
#86188
  1   2   3
Байланысты:
БЖБ 9 КЛАСС 4 тоқсан

-тоқсан №1. «Жаһандық мәселе: демография» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым Жазылым

Оқу мақсаты

9.1.3.1 Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздердің мағынасын түсіну
9.2.6.1 Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды өзара салыстырып бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы:
 Сөздердің мағынасын түсінеді , ақпараттың дұрыс немесе бұрыстығын анықтайды
 Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіреді.
Берілген тақырыпта шағын диалог құрастырады.

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут


Оқушының аты – жөні:-----------------------------------------------------------------------------------
Сыныбы:------------------------------------
Тыңдалым
Мәтінді тыңдап, талқылаңыз, берілген тапсырмаларды ретімен орындаңыз.
Қоғамның негізін қалаушы құрылым — отбасы. Отбасы қаншалықты күшті болса, онда өсіп жетілген балалардың құрайтын қоғам да денді, қуатты болады. Отбасы өзара құрмет, махаббат мекені деген сөз. Бір-біріне құрметі жоқ жанұялар мен отбасылық құрылымын жоғалтқан қоғамдар күйзеліс ішінде өмір сүреді. Өзара құрмет, мейірім ішінде өскен бала жақсылыққа бейім болып өседі. Біздің дәстүрлі отбасымыз онсыз да мейірім, өзара құрмет, махаббат негізінде құралған. Отбасында әркімнің орны қандай, кімнің міндеті қандай, кімнің қай жерде отыратыны, кімнің жолы үлкен, бәрі орныққан.
Түркі халықтары, жалпы мұсылман халықтарының тарих бойынша өркендеуіне, ал қиын кезеңдерде жойылып кетпеуіне себепші болған маңызды факторлардың бірі — дәстүрлі отбасылық құрылымы. Бізді біз етіп ұстап тұрған күш — отбасыдан алған тәрбие, отбасымызға берген қадір қасиет, махаббат, отбасы бірлігі болды. Рухани құндылықтарына ие нағыз жанұяны ешкім тізе бүктіре алмайды. Өмір ағысында алдарынан не шықса да, ол жанұя бүкіл қиындықтарға бірге төтеп береді, тіпті шыңдалып, одан да күшейіп артынша келетін көркемдіктерімен, қуаныштарымен де бөліседі. Өмірді мәнді ететін де осы емес пе, бөлісу... Ащыны да, тұщыны да, жоқтықты да, молдықты да... Алайда бұл дәрежеге жету үшін мол сабыр және ерен еңбек керек. Еңбексіз ештеңе өнбейді.
Ананың бала-шағасына жасаған дұға-тілектері баланы қорғаштап жүреді. Баланың ата-анасын разы етуі, қуантуы оған Жаратқанның құт-береке есіктерін ашады. Үлкендерді ренжіту жұмыстардың жүрмеуіне, келеңсіздіктерге себеп болады. Осы негіздерді ұстанып, осы негіздерді сезініп өстік.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет