4-ТОҚСАН, 1 бжб
«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сәулет салтанат құрғанда
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ел экономикасы өсуін тоқтатып әлеуметтің барлық саласында тоқырау болғаны есімізде. Әсіресе құрылыс нарығына оңай тимеді. Қала мен далада ауыл мен ауданда зауыт пен фабрикада не керек адам аяғы басқан жердің бәрінде құрылыс тоқтады. Құрылысшылар күн көріспен базар жағаласа, архитекторлар шетел асып жатты. Іргетасы қаланып, кірпіші енді өріле бастаған ғимараттар сақалды құрылысқа айналды. Қала кейпінің өңі кетіп, қаңыраған ғимараттар қалыпты күйде қабылданды.
Дәл сол уақытта, айналдырған 25 жыл ішінде, біз Астанадай алып шаһарды тұрғызамыз деп ойламадық. Алматының кең көшелерінде жол айрықтары бірінен соң бірі ашылатынын сезбедік. Шымкент Ақтау секілді облыс орталықтары жаңаша түлейтінін білмедік. Қытаймен шекаралас аймақта Нұркент қалашығы бой көтеретіні де үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген. Мұның бәріне жету сондай қиын болып көрінетін.
Осы алмағайып 27 жыл ішінде Азиада мен Универсиадаға арналған әлемдік деңгейдегі спорт кешендері бой көтерді. ЭКСПО 2017 қалашығы құрылыс технологиясының жаңа стандарттарымен салынды.
Еліміздің батыс аймағында Ақтау Атырау Орал және Ақтөбеде кең көлемді құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе, тұрғын үй секторы қарқын алған. Жақын арада Ақтөбеде француз және ағылшын кварталдары пайда болады. Одан бөлек, француздық Ibis қонақүй желісінің құрылысы жүргізіледі. Ақтауда Green Plaza тұрғын үй кешені әсемдігі мен асқақтығы тұрғысынан талайдың таңдайын қақтырды.
Елдің солтүстігі мен шығысында да таң тамаша ғимараттар салынуда. Бурабай демалыс аймағында тұғырдан секіру кешені келер жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Семейде құрылысы басталғалы тұрған Абай арена Ертіс бойындағы ең сұлу кешен болатыны сөзсіз.
Елдің үшінші шаһары атанып жүрген Шымкент қаласында құрылыс қарқын алуда. Алдағы уақытта қаланың солтүстік батыс бөлігінде Шымкент сити шағын ауданы бой көтереді. жақында хай тек стиліндегі Forte bank кеңсесі құрылысын аяқтады. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Бейсенбай Тәжібаевтың айтуы бойынша биыл 5 жолайрығының құрылысы басталады екен.
Мақала жанрына тән терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, жаңа қолданыстағы сөздерді теріп жазыңыз.
2.Тыныс белгілерін қой. (үтір, сызықша, тырнақтша, дефис)
Достарыңызбен бөлісу: |