2. Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. [2]
№
Тұжырым
Дұрыс
Бұрыс
А
Гарри Поттердегі Гоблин бейнесі мифтік аңыздарда айтылғаннан бұрмаланған.
В
Бүгінгі фантастикалық туындыларға көбіне мифтер мен аңыздар негіз бола алады.
С
Ғылыми фантастикалық шығармалар көбіне робототехникамен байланысты болады
2. Оқырмандар арасында фантастикалық шығармалар көркем шығармаларға қарағанда танымал болады. Сіз осы оймен келісесіз бе? Ойыңызды 4-5 сөйлеммен жазыңыз. [3] __________________________________________________________________
Жазылым Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме немесе хат) жазыңыз. [10]
1. Сізге алтын балық ұстап алу бақыты бұйырды делік. Алтын балық сіздің тек үш тілегіңізді ғана орындай алады. Ал сіз осы оңтайлы сәтті пайдаланып, жеке әлеміңіз бен қоғам өміріне қандай өзгерістер енгізгіңіз келер еді? Алтын балыққа тілектеріңізді білдіре отырып, бұл жөнінде сюжетті әңгіме құраңыз.
2. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Бұл айрықша мерекенің біздің елімізде тойлану деңгейі қандай? Ал сіздің отбасыңыз бұл мерекені қалай тойлап жүр? Берілген сауалдар төңірегінде өз ойыңызды эссе түрінде жазыңыз.