Тоқсандық жиынтық бағалау



Дата15.11.2023
өлшемі20,21 Kb.
#122714
Байланысты:
Тоқсандық жиынтық бағалау


Тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан аяғында өткізіліп, балл және баға қою арқылы оқушының білімі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдемелерін көрсетеді. 
Тоқсандық жиынтық бағалау түрлі бақылау және тексеру жұмыстарын ұйымдастыру арқылы өткізіледі. 
Тоқсандық жиынтық жұмысты құрастыруда оның білу мен түсінуді, қолдану дағдыларымен ғана шектелмей, оқушының жоғарғы деңгейдегі ойлау қабілетін: анализ, синтез және баға беруін анықтауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды қамтуы маңызды екендігін ескерген жөн.
Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері әдістемелік нұсқаулықтарда беріледі. 
Дегенмен әр мектеп жиынтық бағалау тапсырмаларын өз еркімен дайындай алады. Мұғалімге көмек ретінде жиынтық бағалаудың тапсырмалары жинақталған базасы да қолданылуы мүмкін. 
Оқу жылының басында мектептегі әдістемелік бірлестікте оқу жылына арналып жасалған бағалау жоспары әзірленеді.

Тапсырманы құрастырушы:


•оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасайды;
•тест спецификациясына сәйкес тапсырмалар түрлерін анықтайдыжәне құрастырады;
•құрастырылған тапсырмалар мен балл қою кестелерін ПӨО мен ҰБА-на сараптамаға жібереді;
•Сараптамадан кейін тапсырмалар мен балл қою кестелерінтолықтырады және ПӨО жібереді.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы (ЖБС)- жиынтық бағалаудың мазмұны мен форматынкөрсететін құжат. 
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ
СПЕЦИФИКАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Әр тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары тест спецификациясынасәйкес құрастырылады. Спецификация ЖБ негізгі мазмұнын көрсетеді және тапсырма құрастырудың негізі болып табылады
Әр пән және сынып бойынша тест спецификация келесі ақпараттардантұрады:
•Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
•Ойлау деңгейлеріне шолу
•Тапсырмалардың құрылымы
•Тапсырма мазмұнын анықтау және технологиялық матрица құру
•1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
•Тапсырмаларды орындаудың ұзақтығы

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу
•Тоқсандық бағалау жұмыстарын және балдарды қою кестесін әзірлеу бір параллельдегі барлық сыныптар үшін біркелкі Тест спецификациясы негізінде жүзеге асырылады.
•Тоқсандық жиынтық жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін (тест, сынақтар, бақылау жұмысы және т.б.).
•Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, тоқсан басында ата-аналар мен оқушылардың назарына жеткізіледі. 
•Тоқсандық жиынтық жұмыс бір параллель үшін бірдей жағдайда өткізіледі. 
•Тоқсандық жиынтық бағалауды қайтадан

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет