4. «Геометрия» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейі, 8 сынып
Ойлау дағдыларының деңгейі
Сипаттама
Ұсынылатын тапсырмалар түрлері
Білу және түсіну
көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтерінің; трапецияның; параллелограмға ғана сай қасиеттері мен белгілерінің; тікбұрышты үшбұрыштың кабырғаларының катынастары арқылы бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің; тең шамалас және тең құрамдас фигуралардың анықтамаларын;
центрі (a,b) нүктесі және радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін.
Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/немесе
Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
Қолдану
көпбұрыштың ішкі бұрыштарының және сыртқы бұрыштарының қосындысының формулаларын қорытып шығару;
Фалес теоремасы және пропорционал кесінділер туралы теореманы қолдану;
циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөлу;
үшбұрыштың орта сызығының қасиетін дәлелдейді және қолдану;
Пифагор теоремасын қолдану;
тікбұрышты үшбұрыштағы пропорционал кесінділерге байланысты қатынастарды қолдану;
жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептеу;
кесінді ортасының координаталарын табу;
түзудің жалпы теңдеуін, екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазу.
Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет
ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)
берілген элементтері бойынша тік бұрышты үшбұрыш салу;
екі нүктенің арақашықтығын табу, кесінді ортасының координаталарын табу, кесіндіні берілген қатынаста бөлу, центрі (a;b) және радиусы r болатын шеңбер теңдеуінің формулаларын қолданып, есептерді шығару.
Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе Толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады