Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 6-сынып 2019-2020 оқу жылы Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет15/16
Дата12.12.2022
өлшемі0,92 Mb.
#56790
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Абайды оқы, таңырқа!
Қазақ ұлттық қолөнері
Өлкені сипаттау өнері
Саяхат және туризм


Тыңдалым
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.

1. Мәтінде кездесетін сөздерді белгілеңіз.



  1. Қар, үсік, аяз, боран

  2. Ақ киім, тамақ, үй

  3. Адамдар, білім, еңбек

  4. Зерттеу, адамдар, күш

[1]

2. Өлеңнің негізгі тақырыбын анықтаңыз.



  1. Көктем мезгілі

  2. Жаз мезгілі

  3. Қыс мезгілі

  4. Күз мезгілі

[1]

3. Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.



Мәтіндегі ақпараттар

Шын

Жалған

  1. Адамды ақ киімді, денелі адамдай суреттейді







  1. Қыс мезгілін суреттейді







  1. Күз мезгілін суреттейді







[1]
4. Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.
Сөздер: алмастырады, алады, оқытады, шайқалды /

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,


Алты қанат ақ орда үй__________________.
[1]

5. Сұраққа жауап беріңіз.


Автор аязды қалай суреттейді?
_______________________________________________________________
[1]


Оқылым
Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам ағзасына демалыс кезінде жол ауыртпалығын көтере алмау, жаңа ортаның климаты, тамағы, уақыттың ауысуы әсер етеді. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар көп болады. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаңыз. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, тексеріліп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз, дәрігер кеңесіне ескеріп, өзіңізді күтіңіз.
Саяхатқа шықпас бұрын барар мекеннің климаты, салты, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан біліп алыңыз. Қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алу өте пайдалы. Жолға жиналғанда қажетті заттармен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алуды ұмытпаңыз.
Саяхат кезінде беті-қолыңызды жиі-жиі жуып тұрыңыз. Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген абзал. Су болмаған жағдайда ылғалды сүлгілерді пайдаланыңыз. Дәріханадан антибактериалды сабын я сұйықтық сатып алыңыз. Тек қана таза су, кофе, көк немесе қара шәй ғана ішіңіз. Газдалған сусындарды пайдаланбаңыз. Жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып жеңіз. Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек қана дүкендерден ғана алыңыз. Көшеден, базардан тамақ сатып алмаңыз.

1. Берілген тұжырымдарды негізгі және қосымша ақапаратқа ажыратыңыз.



Тұжырым

Негізгі

Қосымша

  1. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар көп болады.







  1. Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді.







  1. Дәріханадан антибактериалды сабын я сұйықтық сатып алыңыз.







[3]

2. Сұраққа жауап беріңіз.


Өзіңіз саяхатқа шығып көрдіңіз бе? Қай жаққа барған едіңіз?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
3. Сұраққа жауап беріңіз.
Саяхат кезінде қандай сусындар ішкен жөн?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]


Жазылым
Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, теңеу, эпитет сөздерін қолданып, жазба жұмысын орындаңыз. Жазба жұмысында сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне мән беріңіз.



  1. Қазақ ұлттық қолөнері

Қазіргі кезде көпшілік қазақ ұлттық қолөнер бұйымдарына қызығушылық танытуда. Сізге қандай қолөнер бұйымдары ұнайды. Қалаған бұйымыңызды теңеу, эпитет сөздерін қолдана отырып, суреттеңіз.



  1. Саяхат және туризм

Сіз саяхаттағанды өте жақсы көресіз. Биыл жазда да еліміздің көптеген аймақтарына саяхат жасадыңыз. Саяхат өте тамаша болды. Сол уақытта қандай көрікті жерлер көрдіңіз? Ойыңызды теңеу, эпитет сөздерін қолданып, суреттеу мәтіні түрінде жазыңыз.
[10]


Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, ауызша әңгіме құрастырыңыз. Әңгімеде кейіпкерлер жүйесінің, оқиғалар желісінің болуын ескеріңіз. Баяндауда төмендегі байланыстырушы сөздерді қолданыңыз.
Байланыстырушы сөздер: Бірде, бір күні, сосын, содан соң, сөйтіп, сөйтсек... т.б.
[10]



1) «Естен кетпес саяхат» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз. Әңгіменің кейіпкері - екі дос.



2) «Әжемнің текеметі» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз. Кейіпкері: әже мен немерелері.



3) «Жайлауда» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз. Кейіпкерлері: ата, әже, қаладан келген немересі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет