Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 9-сынып Нұр-Сұлтан қ., 2019 мазмұНЫ



бет2/27
Дата15.11.2023
өлшемі160,33 Kb.
#122433
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык 9 класс каз-конвертирован

Ойлау дағдыларының деңгейі

Дағдылар тобы

Ойлау
дағдылары ның деңгейі

Сипаттама

Сұрақтар түрі

Тыңдалым мен айтылым

Білу және түсіну

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары



  • тақырыптық мәтіндерді түсінеді, болжайды;

  • сөйлесу ерекшеліктерін таниды;

  • ауызша тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады;

  • жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді;

  • тілдік құралдарды пайдаланады;

  • әңгімеге, диалогке қатысады;

  • ақпаратты жинақтайды;

  • диалог, монологтердегі көтерілген мәселені талдайды, өз пікірін қорғайды және дәлелдейді;

  • сөйлеушінің көзқарасын бағалайды;

  • грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Оқылым және әдеби тіл нормалары

Білу және түсіну
Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары



  • мәтіннен негізгі және детальді ақпаратты анықтайды;

  • ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеуді тілдік құралдар арқылы таниды;

  • ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажыратады;

-мәтін негізіндегі берілген сұрақтарға нақты жауап береді;

  • оқылым стратегияларын қолданып, комментарий жасайды;

  • іріктеп және рөлге бөліп оқиды;

  • әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жазылым және әдеби тіл нормалары

Білу және түсіну Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары



  • естіген және оқыған ақпараттарын жинақтайды;

  • әртүрлі жанрдағы мәтіндер жазу үшін жоспар құрады;

-мінездеме, өмірбаян, құттықтауды
жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай жазады;

  • графиктік мәтін құрастырады;

  • эссе жазу барысында абзацты жүйелі құрастырып, «келісу, келіспеу» эссесін жазады;

-жинақы мәтін жаза алады;

  • орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

  • Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

    Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
    Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
    Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
    Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
    Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
    Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
    Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.



    1. Модерация және балл қою

    Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
    1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет