Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 9-сынып Нұр-Сұлтан қ., 2019 мазмұНЫ


-мәтін – Әбен Алдабергенұлы, әуелі өзіңіз басшылық ететін өкілдіктің мақсат-міндетіне тоқтала кетсеңіз



бет11/29
Дата07.01.2022
өлшемі326,87 Kb.
#18526
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Байланысты:
СОЧ Қазақтілі 9 клз

2-мәтін
Әбен Алдабергенұлы, әуелі өзіңіз басшылық ететін өкілдіктің мақсат-міндетіне тоқтала кетсеңіз.
– Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Халықаралық адам құқығын қорғау комитеті ел ішіндегі дау-дамайларды халықаралық деңгейде реттеуге атсалысады. Өркениетке ұмтылған кез келген зайырлы мемлекетте құқықтық келіспеушіліктің бәрі заң шеңберінде шешімін табуы тиіс. Комитет адамдарға дау-дамайды реттеудің халықаралық заңдардағы тетіктерін көрсетеді, құқықтық кеңес береді. Өкілдіктің көздегені – екі адамды бір-бірімен айтыстырып қою емес, керісінше, адам құқығының қорғалуын қамтамасыз ету. Комитеттің темірқазық етіп ұстанатыны – бейбітшілік, бейбіт бітім.
Демек комитет өкілдігі Қазақстан азаматтарының арасындағы құқықтық дауларға тікелей араласады, солай ма?
– Иә, мәселен, кейбір азаматтық істер шешілмей немесе іске қатысты бұрмалаушылықтар болып жатады. Осындай жағдайда біздің өкілдік қызметкерлері дауды шешудің жолдарын көрсетіп, тәртіптерін түсіндіріп береді. Даудың әділдікпен бітіп, тараптардың бейбіт келісімге келуіне қызмет жасайды, көмектеседі.
Халықтың құқықтық сауатының деңгейі жөнінде не айтар едіңіз?
– Көпке топырақ шашуға болмайды, дегенмен бәрі бірдей сауатты деп тағы айта алмаймын. Ел іші болғасын сауаттысы да бар, сауаты кемі де кездеседі. Көбіне адамдар салақтығының, жауапсыздығының кесірінен дауға тап болып жатады. Мысалы, салық төлеу мәселесінде үйінің, көлігінің немесе жерінің алым-салығын уақытында төлеп тұрса, ешқандай құқықтық дау туындамайды. Тек осыны ескере бермейтіндер бар.
Құқықтық насихат жұмыстарын жүргізесіздер ме?
– Мектептерде, діни мекемелерде, жоғары оқу орындарында көпшілікпен кездесу өткізіп, құқықтық тақырыптарда әңгіме қозғап, түсініктемелер береміз.
Әңгімеңізге рақмет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет