Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 9-сынып


Оқылым және мәтінді талдауға арналған балл қою кестесі



бет29/30
Дата24.10.2022
өлшемі124,41 Kb.
#45205
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Оқылым және мәтінді талдауға арналған балл қою кестесі

Балл

Мазмұнды түсіну және ашу деңгейі

Балл

Жазылым сапасы

5

Мәтінді өте жақсы түсінеді және тиісті мағыналарды аша біледі.
Тапсырманы орындау үшін материалды еркін қолданады.
Көтерілген мәселе бойынша талқылау сұрақтарын жоғарғы деңгейде құрастырады.

5

Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтайды;
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

4

Мәтінді жақсы түсінеді және тиісті мағыналарды аша біледі.
Тапсырманы орындау үшін материалды еркін қолданады.
Көтерілген мәселе бойынша
талқылау сұрақтарын орынды құрастырады.

4

Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтайды, кейде мардымсыз қателер жібереді;
Жалпы сөз саптауы дұрыс, анда- санда қате жібереді.

3

Мәтінді жеткілікті түсінеді және кейбір тиісті мағыналарды аша біледі.
Тапсырманы орындау үшін қажетті материал қолданғанымен, мәтіннің бөліктері өзара үйлеспейді.
Көтерілген мәселе бойынша қанағаттанарлық деңгейдегі талқылау сұрағын құрастырады.

3

Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтайды, кейде қателер жібереді;
Сөз саптауы дұрыс. Қателері байқалғанымен,
түсініспеушілікті тудырмайды.

2

Мәтінді орташа түсінеді және кейбір тиісті мағыналарды ашады. Мәтіннің ішкі реттілігі жоқ, тапсырманы орындау үшін қажетті кейбір материалдар қолданылған. Көтерілген мәселе бойынша талқылау сұрағын құрастыруда қиналады, қателіктер жібереді.

2

Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтауда ауытқушылық байқалады, жиі қателер жібереді; Сөз саптауы нақты емес, кейде түсініспеушілікті тудырады.

1

Мәтінді аз түсінеді, мағыналарды ретсіз таңдаған.
Тапсырманы орындау үшін аз материал қолданылады. Көтерілген мәселе бойынша талқылау сұрағын құрастыра алмайды.

1

Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтауда қателер көп кездеседі;
Түсініспеушілікті тудыратын қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет