Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жаратылыстану пәні бойынша қазақ тіліндегі негізгі орта білім деңгейіндегі (5-6 сынып) оқу бағдарламасы.
Күтілетін нәтижелер
Білу:
− бастапқы географиялық, биологиялық, физикалық және химиялық ұғымдарды;
− атақты ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін;
− практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін;
− физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;
− заттардың жіктелуін;
− тірі ағзаларға қоршаған орта факторларының әсерін, адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерін;
− географиялық зерттеулер әдістерін;
− материктер мен мұхиттардың, жекелеген аумақтардың, елдердің және Қазақстан Республикасының табиғаты ерекшеліктерін;
− ғаламдық және аймақтық демографиялық проблемаларды біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |