Тоқсандық



бет2/14
Дата18.10.2022
өлшемі302,89 Kb.
#43937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахская литература 9 класс каз-1 (1)

Дағдылар тобы

Түсіну және жауап беру

Анализ және интерпретация

Бағалау және салыстыру
Ойлау дағдыларыны ң деңгейі Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары
Сипаттама

әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау, әдеби шығармадағы психологизм, көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесі, көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдар, автор бейнесінің идеялықтилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлі, шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлері, автор стилі, автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу;

шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстыру, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау, шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру, әдеби эссе жазу, әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдау, шағын сын мақала жазу.
Ұсынылатын тапсырмаар түрі
Таңдауды қажет ететін сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар


5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды иаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына

4

мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам / қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет