Теріні қорғау құралдары, көзді қорғаудың жеке құралдары
Теріні қорғау құралдары RH түтіндері мен тамшыларынан қорғаумен бірге дененің ашық жерлерін, киімді, аяқ киімді және жабдықты радиоактивті заттармен және биологиялық агенттермен ластанудан қорғайды. Сонымен қатар, олар а-бөлшектерді толығымен ұстайды және b-бөлшектердің әсерін айтарлықтай әлсіретеді. Азаматтық қорғаныс. Әскери баспахана.
Жаппай қыру қаруынан халықты қорғау
Жаппай қырып-жоятын қарудан қорғану— әскерлерді , тылдағы нысандарды ядролық, химиялық, биологиялық қарулардан қорғау, әскерлердің соғысқа қабілеттілігін сақтау мақсатында жүргізілетін шаралар жиынтығы. Оған төнген қауіп туралы дер кезінде хабарлау, халықтың кейбір бөлігін қауіпсіз жерге көшіру, қорғанатын баспана ұйымдастыру, қорғанудың дербес құралдарымен, сумен, азық-түлікпен қамтамасыз ету, халықтың азаматтық қорғаныс ісі жөніндегі білімін арттыру және адамдардың үрейленбеуі үшін арнаулы тәртіп сақтайтын қызмет орнын құру т.б. Шаралар жатады. Сондай-ақ, оған белгілі бір ауданда жарылған ядролық бомба желдің соғу бағытына қарай көптеген аймаққа радиоактивтік зақым келтіретінін есепке ала отырып, әуеден төнген қауіп-қатермен бірге, жаудың ядр. Соққысы қай ауданда болғанын, барлаушылардан түскен мәліметтер бойынша желдің бағытын, атом қаруының радиоактивтік зақым келтіретін аймағының көлемін радио арқылы халыққа хабарлау жүйесі де енеді.