Тотығу- тотықсыздану процестері



бет2/7
Дата20.12.2023
өлшемі303,7 Kb.
#141329
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Поурочный план,химия ,

Тапсырма 1.
Кейін білім алушылардың тотығу дәрежесі туралы білімін тексеру үшін оқушылар берілген қосылыстар ішіндегі белгілі бір элементтің тотығу дәрежесін анықтайды.
Білім алушылар жеке орындайды және оқытушы тарапынан кері байланыс беріледі.
Тапсырма 2. Білім алушылар Тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен теңестіреді.



Қандай элементтер тотығу дәрежесін өзгертті, тексереді.
берілген реакциялардың ішінен ТТР жататын реакцияларды анықтайды.
Білім алушылар жеке орындайды және оқытушы тарапынан кері байланыс беріледі.
Тапсырма 3. Білім алушылар берілген иондардағы тотығу дәрежесінің өзгерісі бойынша үрдістің тотығу/тотықсыздану екендігін анықтайды.
Білім алушылар жеке орындайды және оқытушы тарапынан кері байланыс беріледі.
Тапсырма 3. эксперимент видео көру
Назгүл алма және лимон шырынымен эксперимент жасамақ болды. Ол алманы екіге бөліп, кесілген жағымен жайпақ ыдысқа салды. Алманың бір бөлігіне лимон шырынын сығып тамызды. Біраз уақыттан кейін лимон шырынымен «қорғалған» бөлігінің ақ қалпында қалғанын, ал алманың «таза» бөлігі қарайғанын байқады.



Сұрақ: Алманың «таза» бөлігі неліктен қарайды және қандай идея ұсынуға болады?
тотығу-тотықсыздану реакциялары түрлерімен таныстырады.
Нақты мысалдармен түсінідіреді, білім алушылар конспект жазып алып отырады.
Ары қарай оқытушы білім алушыларға тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестірудің электрондық баланс әдісінің алгоритмін ұсынады және түсіндіреді.
Содан кейін нақты екі мысалды топта талдап түсіндіреді.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары–нәтижесінде әрекеттесуші заттар құрамына кіретін бір немесе бірнеше элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруімен жүрілетін реакциялар. Мысалы:
2Нg2+O2- =2Hg0 + O20 (ТТР)
Элементтің тотығу дәрежесі дегеніміз оның шартты электрондық заряды. Ол қосып алу формуласы арқылы есептелінеді және оң, теріс нөлдік мәнге ие болуы мүмкін, «+» немесе «–» таңбалары болады. Тотығу дәрежесін есептегенде келесі заңдылықтарды қолдану керек:

  1. Атом немесе молекула әрқашан элекртобейтарап, себебі олар да оң таңбалар теріс таңбалар санымен теңеседі;

  2. Бөлшектің белгісі оны байланыстыратын электрондық жұбының жақын орналасуына байланысты;

  3. Металдар катионы әрқашан оң зарядталады: Al3+,Na+,Ca2+; 4) Қышқыл қалдықтардың анионы әрқашан теріс зарядталады:

NO3-, SO42-, PO43-;
5) Бейметаллдардың тотығу-тотықсыздану дәрежесі оң және теріс болуы мүмкін: N3-H4+, HN5+O3.
Сонымен қатар тотығу дәрежесін анықтау үшін келесі қағидалар қолданылады.
1 ) жай заттардың элементінің тотығу дәрежесі 0-ге тең; Na0 ; ; 2) қосылыстарда сілтілік металдар (+1) тотығу дәрежесіне тең; K+1OH; Na+1Cl;

  1. қосылыстарда жер сілтілік металдар (+2) тотығу дәрежесіне

тең; Ca+2SO4;

  1. қосылыстарда оттегі (-2) тотығу дәрежесіне ие; H2O-2; ;

ескерту: асқын тотықтарда (-1) ;
OF2 қосылысында (+2) тотығу дәрежесіне ие.

  1. қосылыстарда сутегі (+1) тотығу дәрежесіне тең; ескерту: металл гидридтерінде сутегі (-1) тотығу дәрежесіне ие, ;

  2. молекуланың құрамына кіретін барлык атомдардың тотығу дәрежелерінің алгебралық қосындысы 0-ге тең; ; ;

Азот атомының қосылыстардағы тотығу дәрежелерін анықтайық,
NH3, N2N4, NH2, N2O, NO, HNO2,NO2, HNO3 қосылыстарында тотығу дәрежесі: -3, -2,-1, +1,+2, +3, +4, +5 сәйкес болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет