Маңызды тотықтырғыштар Маңызды тотықтырғыштар типтік бейметалдар (F2, CL2, Br2, I2, O2), галогендер (-1), оттегі (-2) тотығу дәрежелеріне ие болады.
Құрамында оттегі болатын қышқылдар мен тұздар арасында біршама маңызды тотықтырғыштар KМnO4, K2CrO4, K2Cr2O7, концентрленген күкірт қышқылы, азот қышқылы және нитраттар, галогендердің оттекті қышқылдары. Mn+7 тотықтырғыш ретінде ортаның қышқылдығына байланысты алуан түрлі өнімдерге дейін тотықсыздана алады: қышқыл ортада – Mn2+ке дейін, бейтарапта MnO2 –ге дейін сілтілікте MnO4-2 –ке дейін
5K2SO3+2KMnO4+3H2SO4=6K2SO4+2MnSO4+3H2O
3K2SO3+2KMnO4+H2O=3K2SO4+2MnO2+2KOH K2SO3+2KMnO4+2KOН=К2SO4 +2K2MnO4+H2O
Калий хроматы және дихроматы құрамында Cr+6 ионы болуынан тотықтырғыш болып табылады, ол Cr+3 ионына дейін қайта тотықсызданады. K2 Cr2O7 +3H2S+4H2SO4=Cr2(SO4)3+3S+K2SO4+7H2O.
Концентрленген күкірт қышқылындағы H2S+6O4күкірт +6 тотығу дәрежелі болғандықтан тотықтырғыш қасиет көрсетеді, ол тотықсызданып +4 (SO2), 0 (S), немесе –2 (H2S) дейін тотықсыздана алады (тотықсыздандырғыш күйі күшті болса, күкірттің тотықсыздануы терең жүреді).
Cu+2H2SO4=CuSO4+SO2+2H2O,
3Mg+4H2SO4=3MgSO4+S+4H2O,
4Zn+5H2SO4=4ZnSO4+H2S+4H2O
Азот қышқылы НNO3 құрамындағы азоттың (+5) тотығу дәрежесіне сәйкес тек тотықтырғыш қасиет көрсетеді. Тотықтырғыш қасиет оның концентрациясының өсуімен күшейе түседі қышқыл концентрациясы
тотықсыздану қасиеті
Галогендердің оттекті қышқылдары (HOCI, HCIO3, HBrO3 және т.б.) және олардың тұздары әдетте галоген қышқылдарының –1 (хлор немесе бром жағдайында) немесе 0 (йод болса) тотығу дәрежесіне дейін тотықсызданады. KCIO3+6FeSO4+3H2SO4 = KCI+3Fe2(SO4)3+3H2O,
HIO3+5HI=I2+3H2O,
KBrO+MnCI2+2KOH=KBr+MnO2+2KCI+H2O
+1 тотығу дәрежесіндегі сутегі қышқыл ерітінділерінде тотықтырғыш қасиетіне ие (кернеу қатарында сутекке дейін тұрған металдармен әрекеттескенде)
Mg+H2SO4(сұйылтылған)=MgSO4+H20↑
Тотығудың жоғары дәрежесіндегі металдар иондары (Fe3+, Cu2+ және
т.б.) біршама төмен дәрежесінде ионға айналады.
2FeCI3+H2S=2FeCI2+S+2HCI.