Автомобильдердің электр жабдықтары көптеген электрлік машиналар мен тетіктерден қүралады. Олардың негізгі жүмысы двигательді іске қосу, түн мезгілінде жарық беру сияқты жүмыстар болып та-былады. Осыған қосымша жүргізушінің жүмысын жеңілдететін механизмдер мен қондырғылардың жүмысын бақылайтын қызмет атқарады.
Электр жабдығы өзара параллель екі жүйеден түра-ды: біріншісі электр энергиясының көздері де, екіншісі электр қуатын пайдаланатын қүралдар.
Қарапайым аккумулятордың схемасы: a, b - разрядтың басында жəне соңында;
1, 3 жəне 4 - плиталар; 2 - электролит; 5 - кҥкірт қышқылының əлсіз ерітіндісі; ►- Электр тоғының бағыттары
Электр энергиясын тудыру үшін
Аккумулятор
Генератор
Аккумулятор Аккумулятор деп энергияны жинақтайтын қүрал-ды айтады. Автомобиль аккумуляторлары электр энер-гиясын химиялық энергияға айналдырады да, сол химиялық энергияны жинақтап, үстап түрады. Ке-рек кезінде химиялық энергия, аккумулятор ішінде реакция жүргендіктен электр энергиясына айналып, қайтадан сыртқа беріледі.
Аккумуляторлық батарея: a - жалпы көрініс; б - пластиналар блогы; 1, 2 - теріс жəне оң плиталар; 3 -қабырғалар; 4 - резервуар; 5 - тығын; 6 - мұқаба; 7 - қосылу көпірі; 8 -полюсте - «-» белгісі бар; 9-сепаратор
Генератор
Автомобиль двигателі жүмыс істеп түрған кезде оның электрлік жабдықтарын қажетті қуатпен қам-тамасыз ететін — генератор. Ол негізгі двигательден алынатын механикалық энергияны электр энергия-сына айналдыратын машина. Ол үшін генератордьщ іске қосатын шкиві двигательдің иінді білігіне белдікті беріліс арқылы жалғасады.
Автомобильдердің электр жүйесінде екі түрлі ге-нератор қолданылуы мүмкін: түрақты ток және ай-нымалы ток тудыратын генераторлар. Түрақты ток тудыратын генераторлардың тозатын бөлшектері көп болады.