«Тұран» Университі


Өзiндiк дайындыққа арналған сұрақтар



бет76/171
Дата21.10.2022
өлшемі2,56 Mb.
#44551
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   171
Байланысты:
С. Мырзалы Философия

Өзiндiк дайындыққа арналған сұрақтар:
1. Ағарту философиясының негiзгi ерекшелiктерi.
2. Деизм дегенiмiз не?
3. Дж.Пристлидiң саяси және азаматтық бостандықтардың өзара байланысы жөнiндегi идеялары.
4. А.Шефтсберридiң мораль жөнiндегi ойлары.
5. Дж.Беркли субъективтiк идеалистiк көзқарасын қалай негiздейдi?
6. Ш.Монтескьенiң “заңдық көзқарас² жөнiндегi ойлары.
7. “Географиялық детерминизм² дегенiмiз не?
8. Ж-Ж. Руссоның теңсiздiктiң пайда болуы жөнiндегi идеялары.
9. Ф.Вольтердiң христиан дiнiн сынауы.
8 тақырып. Немiс классикалық философиясы
Кiрiспе сөз
Немiс халқының рухы тудырған ХУIII- ХIХ ғғ философияға уақытында Ф.Энгельс “немiс классикалық философиясы² деген ат қойған болатын. Мұның өзiнен бiз өте биiк бағаны, деңгейдi сезiнемiз, өйткенi, “классика² деп адамзат тарихындағы қоғамның қайсыбiр саласындағы мәңгi өшпес жетiстiктердi айтамыз. Мысалы, қазақ халқының рухани өмiрiнде, өнерiнде классикалық орын алатын - ол Аль-Фараби, Абай, Құрманғазы, М.Ауезов т.с.с. ғұламалар. Олар тек қана қазақ халқына емес, бүкiл адамзат тарихына өзiнiң өшпес iзiн қалдырған тұлғалар.
Ал немiс классикалық философиясының өкiлдерiне келер болсақ - И.Кант, Г.Гегель, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Л.Фейербах сияқты ғұламалардың атын, шығармашылық еңбектерiн бүгiнгi барлық елдердегi ағарған қауым бiледi.
Әңгiменiң қызығы - өз заманының ең биiк деңгейiне көтерiлген немiс философиясы сол кездегi басқа Еуропа елдерiне қарағанда әлеуметтiк-экономикалық жағдайы анағұрлым артта қалып қойған елде пайда болады. Мұның өзi қоғамның материалдық дамуы мен оның рухани деңгейi әрқашанда бiр-бiрiне сәйкес келе бермейтiнiн көрсетедi.
Сол кездегi немiс елi жүздеген кiшi-гiрiм мемлекеттерден тұрған болатын. Бұл елдердегi әрбiр князь, граф, герцог өзiн ағарған дана елбасы ретiнде көрсеткiсi келiп, ұлы ойшыл, жазушы, суреткер, әуеншi т.с.с. адамдарды өздерiне тартып, олардың өмiрге керек қаражаттарын өз мойындарына алып, шығармашылық еңбекпен айналысуға мүмкiншiлiк жасады. Уақытында Ф.Ницше айтқандай, шығармашылықпен айналысуға, бiрiншiден, бос уақыт, екiншiден, адам күнбе-күнгi материалдық мұқтаждықтардан құтылуы қажет.
Әрине, бұл ойшылдардың көбi өз заманындағы алпауыттардан тәуелдi болды. Бiрақ, соған қарамастан, олар өздерiнiң философиясында, астыртын түрде болса да, сол кездегi халықтың аянышты жағдайына қарсы шығып, адам рухани пәнде ретiнде жағалай ортаны өзгерте алатындығы және өзгерту керектiгi жөнiнде тамаша ойларды философияға еңгiздi. Ол үшiн олар философияға диалектиканы, яғни даму тұжырымдамаларын өмiрге еңгiздi.
Немiс философиясының келесi ерекшелiгi - Л.Фейербахтан басқа барлық немiс ойшылдары - идеализм бағытының өкiлдерi. Егер француз ағартушыларының көбi материалистiк атеистiк бағытта болса, И.Кант, Г.Гегель, И.Фихте сияқты ұлы философтарды бiз материалистiк бағытқа жатқыза алмаймыз. Бұлар, керiсiнше, адамның санасы, рухының құдiреттi күшiн көрсете бiлдi. Сонымен қатар, олар рухтың тарихи дамуын, ақыл-оймен зерденiң арасындағы қайшылықтың бар екенiн, рухани өмiрдегi ақиқат пен ерiктiң, iзгiлiк пен әсемдiктiң дүниедегi ең бійiк тамаша құндылықтар екенiн көрсете бiлдi. Ендi әңгiменi нақтылай түсiп, сол немiс классикалық философиясының көрнектi өкiлдерiнiң шығармашылық жолын сараптайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет