В.С.Соловьевтiң “бәрiнiң бiрлiктегi² философиясы Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900 ж.ж.) - аса дарынды орыс дiни философы. Адамның әлеуметтiк-мәдени және дiни қажеттiктерiн өтей алатын философиялық жүйе жасауға тырысты. Христиандық дiндегi бағыттардың (католицизм, протестантизм, православие) басын бiрiктiрiп дiни көзқарасты ең жаңа ғылымдағы ашылған деректермен толықтыру қажеттiгiн айтты.
В.С.Соловьевтiң философиясының негiзгi идеясы - дұниедегi бәрiнiң бiрлiгi. Ол оны славянофилдер сияқты халықтың бiрлiгiне теңемейдi, оған ғарыштық, яғни онтологиялық мән-мағна бередi. Оның ойынша, болмыс, өмiр сүргеннiң бәрi - бiрегей, бiр-бiрiн қамтып жатыр. Болмыстың төменгi деңгейi жоғарыға өтуге, жоғарыдағы төмендi бойына қамтуға тырысады. Дұниенiң бiрлiгiнiң негiзiнде Құдай жатыр. Ол - Жаратқан мен жаратылғанның бiрлiгi. Бiрақ, В.С. Соловьев Құдайды адамға ұқсатып қарауға болмайды,- деген пiкiр айтады. Оның ойынша, Ол - “ғарыштық зерде², “тұлғадан жоғары², “дүниеде iс-әрекет жасайтын ерекше ұйымдастырушы кұш² т.с.с.
Бiздi қоршаған жағалай ортаны кемелiне келiп, еш мiнсiз жаратылған дұние деп айтуға болмайды. Оның негiзгi себебi - Құдай - Абсолюттiң өзiнiң iштей қайшылығы. Дұниедегi бәрiнi қамту ұшiн көптiк қажет. Сондықтан, алғашқы “ғарыштық зерде² сан-алуан мән-мағнаға бөлiнiп, Аристотельдiң терминiмен айтсақ, әр-тұрлi заттардың энтелехиясын, яғни iшкi мақсатқа лайықтылық дамуын қамтамасыз етедi. Ал дүниедегiнiң бәрiн бiрiктiрiп рухани кұш-қуат беретiн “дүниежүзiлiк жан-дүние², яғни София, ал оның өзi Құдайдың эманациясының туындысы. Сонымен, Құдай, Дұние және Адамзат Софияның дәнекерлiгi арқылы бiрлiкке негiзделген қарым-қатынаста.
В.С.Соловьевтiң дұниетаным тұжырымдары Өзiнiң дүниетанымдық көзқарастарында В.С.Соловьев “бiртұтастық бiлiм² алу жолын құптады. Ол үшiн сезiмдiк тәжiрибе мен рационалдық ойлауды сенiммен ұштастыру қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, ақиқаттың үш түрi бар: материалдық, формальдық, абсолюттiк. Олар ғылым, философия, дiннiң шеңберiнде қалыптасады. Ақиқаттың ең жоғарғы түрi, абсолюттiк бiлiмдi тек қана дiн, теология бере алады. Оны ол мистицизм дейдi.
Эмпиризм, яғни тәжiрибелiк жолмен ашылатын бiлiм, материалдық дүниенi танып бiлуге бағышталған. Рационализм өзiнiң формальдық табиғатының арқасында барлық бiлiмдi бiрiктiретiн дәнекерлiк күшке айналады.
В.С.Соловьев таным процесiнде тәжiрибеге көп көңiл бөледi. Ал оның өзi екiге - iшкi және сыртқы тәжiрибеге бөлiнедi.
Сыртқы тәжiрибеге келер болсақ, ол жағалай қоршаған ортадағы заттардың бiздiң тұйсiктерiмiзге тигiзетiн ықпалынан пайда болады.
Iшкi тәжiрибенi В.С.Соловьев екiге бөледi: олар психикалық және мистикалық. Психикалық тәжiрибе деп бiз өз табиғатымыздың бой көрсетуiнен шығатын құбылыстарды жатқызамыз.
Мистикалық тәжiрибе деп бiздiң жан-дүниемiздiң әр жағында жатқан, өзiнiң бiзге тигiзетiн ықпалымен бiздi жоғарыға көтеретiн, iшкi рухани ерiктiктi тудыратын құбылысты айтамыз.
Оларды бiр-бiрiмен салыстыра келе, В.С.Соловьев бiрiншi орынға мистикалық, екiншiге - психикалық, соңына - физикалық тәжiрибенi қояды.
Әрине, логикалық дұниетанымның өз орны бар, бiрақ, ол танылатын құбылыстың идеясына жете алмайды. Ол ұшiн интеллектуалдық интуиция (ой аңлауы) қажет. Дегенмен, логикалық таным мен интуиция бiздi болмыстың ең терең құпия сырларына жеткiзе алмайды. Ол үшiн - шектелгеннiң әр жағына, трансцендентiкке өту - ерекше таным қабiлетiн қажет қылады. Оны ол шабыт, эрос, экстаз деген ұғымдармен бередi. Сонымен, өзiнiң танымдық көзқарастарында В.С.Соловьев ғылым, философия, дiннiң бiрлiгiнiң қажеттiгiн көрсеткiсi келдi.