«Тұран» Университі


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет57/171
Дата21.10.2022
өлшемі2,56 Mb.
#44551
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   171
Байланысты:
С. Мырзалы Философия

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қайта Өрлеу Заманы деп қай ғасырларды айтамыз?
2. Гуманизм дегеніміз не?
3. Қайта Өрлеу Заманы адам мәселесін қалай қойып шешеді?
4. Н. Кузанский өзінің негізгі еңбегін ²Ғылыми білімсіздік² деп атауының сыры неде?
5. Н. Кузанский сенім мен ақыл-ой мәселесін қалай шешеді?
6. Н. Макиавеллидің адам туралы ілімінің ерекшелігі неде?
7. Н. Макиавелли саясат пен моральды қалай бір-бірінен айырады?
8. Фортуна дегеніміз не?
9. Діни реформациядағы М.Лютердің еңгізген өзгерістері қандай?
10. Жан Кальвиннің діни философиясының ерекшелігі неде?
11. Протестанттың этиканың негізгі құндылықтары қандай?
Ойланыңыз :
Фортуна өте мейрбанды адамдардан гөрі “не болса сол болсын²,- деп батыл кірісетін адамдарды сүйеді (Эразм Роттердамский).
Менің адалдығым мен сенімділігімнің кепілі - менің кедейлігім. (Н. Макиавелли)
Қайсыбір философияның бастауында таңғалушылық, дамуында - зерттеулер, соңында - білместік жатыр. М. Монтень.
Сен өздеріңнің қағидаларыңмен Дүниені төңкеріп тастағың келеді,- дейді біреулер. Бірақ, төңкеріліп жатқан бұл Дүниені төңкергеннің несі жаман( (Дж. Бруно).
Адам - көп түрлі өзгеретін табиғаты бар жануар. (Пико делла Мирандолла).
Қандай қиындық болса да, өмірден бас тартпа (М. Монтень).
Білімге деген іңкәрліктен артық батылдық жоқ (М. Монтень).
Құдай басқа тіршіліктердің бәрінің бейнесі мен қалпын шеңберлеп олардың алатын орнын анықтаған. Тек сен ғана, адам, ешқандай шеңбермен қысылған жоқсын, сондықтан, өз бейнеңді өз шешіміңмен анықтай аласың (Пико делла Мирандолла).
7 тақырып. Жаңа дәуiр философиясы.
ХУII ғ бастап Батыс Еуропа топырағында капиталистiк қатынастар қарқынды дами бастайды. Жалпы алғанда, қоғамның әлеуметтiк-экономикалық, саяси ақуалы, қоғам мен табиғатты танып-бiлу қажеттiктерi философия саласында онтологиялық (болмыстық) мәселелерден гөрi ғылымды дамыту қажеттiктерi жаңа ұйымдардың, мекемелердiң пайда болуына себеп болады. Оларды сонау Платонның заманынан келе жатқан “академия² деген сөзбен атай бастайды. 1560 жылы Неаполь қаласында “Табиғат құпиясын зерттеу академиясы², осы кезде Англияда “Лондондағы корольдық қоғам², Парижде “Жаратылыстану академиясы² құрылды. Бұл академиялардан тәрбие алған Роберт Бойль - қазiргi физика мен химия ғылымдарының алғашқы кiрпiштерiн қалаған, Исаак Ньютон - механика ғылымының негiздерiн жасаған, Христиан Гюйгенс - алғашқы маятниктi сағатты ойлап шығарған т.с.с. тұлғаларды айтып өтуге болар едi.
Бұл уақыттаы жаратылыстану саласында алға озып шыққан механика ғылымы болды. Оның негiзгi себебi - өндiргiш күштердi дамыту, жаңа машиналар мен неше-түрлi механизмдердi жасау қажеттiктерi болатын. Әрине, жаратылыстану саласындағы мұндай күрделi өзгерiстер философия саласына зор әсерiн тигiзiп материализм ағымының механистiк түрiн тудырды. Ол Қайта Өрлеу заманында дүниеге келген органистiк материализмдi ауыстырды. Ал мұның өзi сол кездегi қоғамдық санадағы басым дiни көзқарасты төңкерiп тастамағанмен, оның бiтiмiн өзгерттi. Бiрiншiден, дiни фанатизм бiрте-бiрте азайып, оның орнына дiни төзiмшiлдiк, әрбiр адамның қандай дiнге сенуге деген құқы мен талғамы болмасын iс жүзiнде сақтала басталды. Ғылым мен дiннiң ара-қатынасы бұрынғыдай “қос ақиқат² принципi арқылы шешiлiп, сонымен қатар деистiк (deus,-латын сөзi,- құдай) бағыт күш ала бастайды. Деизм бағыты Құдайды мойындағанмен, оны тек алғашқы Дүниенi жаратқан күш ретiнде ғана түсiнедi, ал содан кейiн жаратылған Табиғат өз заңдылықтарының негiзiнде өмiр сүре бастайды, Құдай-тағала оның өмiрiне ендi ешқандай әсерiн тигiзбейдi. Мұндай көзқарас ғалымдардың Табиғаттың терең жатқан сырларын ашуына кеңiнен жол ашты.
Ал жаратылыс тану ғылымдарының өзiне келер болсақ, онда бiр-бiрiне қарсы тұрған екi әдiстемелер (методтар) кеңiнен қолданыла басталды. Ол - бiр жағынан алғанда, табиғат құбылыстарын тәжiрибелiк жолмен байқап зерттеу, екiншi жағынан, Дүниенi математикалық-абстрактылық жолмен сараптау. Мұндай жағдайлар философия саласында ғылымға деген үлкен үмiт тудырады, жаңа зерттеулер тұрғысынан Орта ғасырларда дүниеге келген схоластикалық ойлау жүйесi қатты сынға алына бастайды. Ешқандай тарихтағы болған ұлы тұлғалардың ой-пiкiрi жаңа дамып келе жатқан жаратылыстану ғылымдарына кедергi болмауы керек, олар ерiктi түрде өз пәнiн зерттеуi қажет деген ой қоғамдық санада басымдыққа ие болады.
Ғылым Құұайға қарсы емес, керiсiнше, ол табиғаттың терең заңдылықтарын ашып, Жаратушының құдiреттiлiгiн көрсетедi деген пiкiр кеңiнен таратылады. Мiнеки, осындай қайшылықты жол Жаңа дәуiрдегi философияны тудырып, оны әрi қарай дамытады. Ендi нақтылы түрде соған назарымызды аударайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет