Кон-фу-цзы ілімі - қытайдың моральдық философиясы. Кон-фу-цзы (551-479 б.ғ.д.) - Қытай халқының ұлы ойшысы, саяси қайраткері, тәрбиешісі, осы уақытқа дейін өзінің ықпалын тигізіп келе жатқан философиялық ағымның негізін қалаушы. Негізігі еңбегі “Лунь-уй² (әңгімелер мен пікірлер).
Кон-фу-цзы философиясында қойылған онтологиялық (болмыс) мәселелерге келер болсақ, ойшы өзінің болмысқа, дүниеге деген жалпы көзқарасында сол кездегі қалыптасқан ой-өрісінің шеңберінде болған. Аспандағы дао заңдылықтарына табынып, тағдырға сенген. Мысалы, Лунь-уй кітабында ол кісі былай дейді: “Аспан жөнінде не айтуға болады? Жылдың төрт маусымының ауысуы, болмыстың дүниеге келуі. Басқа не айтуға болады Егер кімде-кім тағдырды мойындамаса, оны нағыз ерге жатқызуға болмайды, - дейді ұлы ойшыл.
Кон-фу-цзы еңбектерінен біз “бес тұрақтылықты² (у-чан) табамыз. Олар адамгершілік, адамды сүю (жень), әділеттілік (и), әдеттілік (ли), даналық, ақыл-оймен тоқулық (чжи), сенімділік (сань). Осы бес тұрақтылық арқылы адам дао жолына шыға алады.
Кон-фу-цзы моральдың “алтын ережесін² алғаш көрсеткен деген пікір әдебиетте бар. Оқушы бұл кісіге: “Бір сөйлеммен сіздің моральдық ілміңізді бізге жеткізе аласыз ба , - деген сұрақ қойыпты. Оған ол “Өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама²,- деген екен.
Кон-фу-цзы өзінің моральдық ілімінде “адамдардың өзаралықтығына² “алтын ортаңғылыққа², әке-шеше мен аға-апаны сыйлауға, адамдарды сүюге шақырады. Ол кісі жақсылықтың жақсылық болып қайта оралуына сенген.
Біздің баса көрсеткіміз келетін “тұрақтылық² – ол ²ли² (әдеттілік). Кон-фу-цзыдың айтуына қарағанда, халық өзінің ғасырлар тарихында қалыптасқан әдет-ғұрыптарын сақтап, сыйлау керек. Әдет-ғұрпынан айырылған халық тарап кетеді,- деген ой айтады.
Расында да, қазақ халқы бодан болған өзінің тарихында, әдет-ғұрпынан толықтай айырылып қала жаздады. Әсіресе, кеңес заманында әдет-ғұрпын сыйлаған адамдарға “ұлтшылдық² таңба тағылып, қудаланған болатын. Сондықтан халықтың “мәңгүрттенуі² де көбінесе, осыған байланысты болды.
Бүгінгі таңдағы жаңару үстінде біз өз мәдениетіміздің көп жағымен “қайтадан танысып² халықтық дәрежемізді көтерудеміз.
Кон-фу-цзыдың айтуына қарағанда, адамдарды екі түрге бөлуге болады. Олар “ізгі адам² (цзюн-цзы) және “ұсақ адам² (сяо-жень).
“ізгі адам² өз алдына үлкен талаптар қояды, ал “ұсақ адам² талапты басқалардың алдына қояды.
Үлкен адамға үлкен істерді тапсыруға болады, ұсақ адамға сенуге болмайды. үлкен адам басқа адамдармен тіл тауып, бірақ өмірде өз жолын іздейді. ұсақ адам басқа адамдармен бірге болғанымен ұрыс керіс тудырады. үлкен адам адамгершілік жолында өзінің өмірін қиюға дайын, ұсақ адам өзінің өмірін ит сияқты орда бітіреді.
Кон-фу-цзы өзінің әлеуметтік көзқарастарында әрбір топтың тарихи қалыптасуында өз орны болуы керек және олардың арасындағы қарым-қатынастары - әдет-ғұрыптың негізінде ретке келіп отыруы керектігін көрсетті. “Ел басы (әрқашанда болуы керек) ел басы орнында, қызметші - қызметші орнында, әке - әке орнында, ұл - ұлдың орнында² – дейді ұлы ойшыл.
Сонау көне заманда Кон-фу-цзы заң мен моральдың арасын айқын ашып, өзінің таңдауын моральдық нормаларға, адамдарды заңдардың талабын орындауға мәжбүр еткеннен гөрі адамның сана-сезіміне ықпал жасап керекті талаптың әділеттілігіне көзін жеткізу арқылы қоғамды басқарған ұтымды деген пікір айтты. “Егер адамдарды заңдардың негізінде жазалап, шектеп ұстасақ, онда қылмысты жасамауы мүмкін, бірақ олардың жүрегінде жаман қылықтарға деген жиіркеніш қалыптаспайды. Егер адамдарды моральдық талаптарға сай тәрбиелесек, онда олар өздерінің жаман қылықтары мен пиғылдарынан ұялып, шынайы дұрыс жолға түседі².
Кон-Фу-Цзыдың ілімін әрі қарай дамытқан Мен-Цзы болды.
“Егер тек қана оқып, оқығанды ой елегінен өткізуге ұмтылмасақ, онда ол еш нәтиже бермейді. Ал күнбе-күн ой толғауы білім мен надандықты айырмайды. Аққан су сияқты, оған Батыс пен Шығыс бәрібір²,- деген ойына қарсы шығып, Мен-Цзы “Аққан су Батыс пен Шығысты расында да айырмайды. Бірақ ол жоғарыға аға алмайды, тек қана төменге ағады. Сол сияқты адамдардың бәрі де жақсылыққа ұмтылады²,- деп жауап береді.
Мен-Цзы адамдардың табиғи берілген басқа адамдарға деген аяныш, көңілін жұбату сезімі, ұяттық және ызалану сезімі, силау және табыну сезімі, шындық және жалғандық сезімдері бар деген пікір айтады. Осы сезімдердің негізінде адамды сүю, әділеттілік, әдеттілік, тану-білу қабілеті қалыптасады. Ал жамандық адамның табиғатынан, ия болмаса Аспанның еркінен емес, өмірдегі тапшылықтан, аштық-жаңалаштықтан пайда болады,- деген пікір айтады.
Мен-Цзы айтқан мына нақыл сөзге көңіл аударайық. “Мен өмірді бағалаймын, бірақ одан да қымбат- әділеттілік. Егер мен осы екеуін бірдей ұстай алмайтын жағдайда болсам,- онда мен әділеттілікті таңдар едім².